Атырау университетінің кеңестері
Университетте басқару, білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында бірқатар кеңестер жұмыс істейді. Ғылыми кеңес университеттің стратегиялық даму бағыттарын айқындап, маңызды шешімдер қабылдайды. Оқу-әдістемелік кеңес білім беру бағдарламаларын жетілдіру мен оқу үдерісін үйлестіреді. Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес академиялық адалдық пен әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Ардагерлер кеңесі ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, тәлімгерлік дәстүрді дамытады. Студенттік кеңес пен Жатақхана студенттік кеңесі білім алушылардың құқықтарын қорғап, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени өміріне қолдау көрсетеді. Ал Жас ғалымдар кеңесі жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға және ғылыми бастамаларын қолдауға бағытталған.
Ғылыми кеңес – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми және оқу-әдістемелік қызметін үйлестіретін алқалы басқарушы орган. Кеңес университеттің даму стратегиясын, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағыттарын айқындау, кадр саясаты мен ғылыми дәрежелерге ұсыну мәселелерін қарастырады. Кеңес құрамында 29 мүше бар.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС
Ғылыми кеңес – сайланбалы алқалы орган.
Университет жарғысымен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қоғам органдарының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарастыру барысында осы мәселелер бойынша қабылданған шешімдер ұсынымдық сипатта болып есептеледі.
Ғылыми кеңестің өкілеттік мерзімі – 3 жыл.
Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгілік ережелерін, Қоғамның жарғысын басшылыққа алады.
Ғылыми кеңесті Басқарма төрағасы – университет ректоры басқарады.
Ғылыми кеңестің дербес құрамы Басқарма төрағасы - ректордың бұйрығымен бекітіледі.
Өз құзыреті шегінде Ғылыми кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша мәселелерді қарастыру және шешім қабылдау;
- оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективтік жоспарын қарастыру;
- профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамға ғылыми атақтар беру мәселелерін қарастыру;
- ішкі тәртіп ережелерін қарастыру және бекіту;
- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
- университеттің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді қарастыру;
- университеттің әлеуметтік дамуының негізгі мәселелерін қарастыру және шешім қабылдау;
- өткен оқу жылындағы университет қызметінің қорытындысын шығару;
- Қоғамның оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы туралы есептерді мерзімді қарастыру;
- Қоғам құрамына кіретін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді қарастыру;
- Қоғам басқармасының бекітуі үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын қарастыру;
- Қоғам қызметімен байланысты және алқалық шешімді талап ететін басқа да мәселелерді қарастыру.
Ғылыми кеңестің отырысы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, айына бір рет өткізіледі.
Қажеттілікке қарай Ғылыми кеңестің отырысы жоспардан тыс өткізіледі.
Ғылыми кеңесте талқыланатын мәселелерді дайындауды ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, тәжірибені қорыту және кеңес жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін оның мүшелері қатарынан Басқарма төрағасының – Қоғам ректорының бұйрығымен үш жыл мерзімге ғалым хатшы тағайындалады.
Ғылыми кеңестің отырыстарына материалдарды уақтылы және сапалы дайындау және Ғылыми кеңестің іс қағаздарын жүргізу жауапкершілігі ғалым хатшыға жүктеледі.
Нуртилеуова Жаннат Асылбекқызы,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы,
Телефон: 27-63-15 + 7 702 162 98 07
e-mail: zh.nurtileuova@asu.edu.kz
Ізденушілерге арналған құжаттар тізімі (ішіне құжат салынады)
- Ғылыми бағыттар классификаторы
- Ғылыми атақ беру ережелері
- Ғылыми атаққа үміткерлердің құжаттары
- Ғылыми атақ ізденуші туралы анықтама
- Ғылыми еңбектер тізімін рәсімдеу үлгісі _
Ғылыми атақ беру тәртібі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ардагерлер Кеңесі университеттің сапа менеджменті жүйесінің 2018 жылы 14 желтоқсанда бекіткен ардагерлер Кеңесі туралы ереже бойынша жұмыс істейді. Кеңес университеттің қоғамдық құрылымы болып табылады.
Ардагерлер Кеңесі өзінің құзыреттілігіне сай жоғары оқу орны әкімшілігі және кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, зейнеткерлердің еңбек жағдайы мен құқығын қорғау, ардагерлердің қоғамдық өмірге қатысын, жоғары деңгейде әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету, кәсіподақ комитеті арқылы санаторийлік емделуін қамтамасыз ету, ардагерлердің оқу орындарында, еңбек ұжымдарында, қоғамдық мекемелерде аға буынның жауынгерлік және еңбек дәстүрлерін насихаттауға ықпал ету, ардагерлердің университеттегі әріптестерімен бірге түрлі ғылыми жобалар мен ғылыми зерттеулер жүргізуіне ықпал ету, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу,университеттің ішіндегі жалпы моралдық және психологиялық оңды ахуалдың қалыптасуына ықпал ету, университет оқытушы-профессорлар құрамының студенттерге, магистранттарға сапалы білім беру ісіне мүмкіндігінше көмектесу, ашық сабақтарға және өзара сабақтарға қатысу, жаңа технологияларды игеру, университеттің атынан бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі хабарларға қатысу міндеттерін жүзеге асырумен айналысып келеді. 2020 жылдың 15 сәуірінде университетте 78 профессор-оқытушы, 19 қызметкер еңбек етіп келеді. Профессор-оқытушы құрамынындағы ардагерлердің 77 пайызының ғылыми атақтары мен ғылыми дәрежелері бар. Университеттің ардагерлері республиканың, облыстың, қаланың және жоғары оқу орнының қоғамдық және мәдени-әлеуметтік өміріне тікелей араласа отырып, еліміздің және университеттің жоғары деңгейде дамуына ықпал етіп келеді. Ардагерлердің басым көпшілігі өздерінің мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстардың дамуына үлкен үлестерін қосып жүр.Тек соңғы үш жылдың ішінде ардагер ұстаздардың 100-дің үстінде оқулықтары мен оқу құралдары және ғылыми монографиялары республикалық «Арыс», «Фолиант», «Өлке» және Ақтөбе, Атырау қалалары баспаларынан жарық көрді. Мысалы, профессор Қ.Жүсіптің 2016-2019 жылдары «Жылдар жаңғырығы», «Даланың дарқан дауысы», «Сұлу сөз», «Сырлы жүрек сыңғыры», «Ұлы тұлғалар» атты кітаптары мен монографиялары, доцент С.Әжікеннің «Атырау-әнім», «Сырнай үні», «Баян ансамбльдеріне арналған шығармалар, «Атырау саздары», «Баян аспабында орындаушылық өнер тарихы», «Баян аспабабында оқыту әдістемесі» кітаптары, профессор А.Хамметовтың бір оқулығы, екі оқу құралы, профессор А.Шамғоновтың Исатай мен Махамбет туралы бірнеше зерттеулері жарық көріп, ғалым 2019 жылы Махамбет атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанды. Осы мерзімде Ш.Нағымұлының «Азалы ақ кітап», «Атырау ұстаздары», «Батыс өлке тарихының тағылымды беттері» атты кітаптарымен қатар, республиканың арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «Мәдениеттану» оқулығы «Фолиант» баспасынан үшінші рет басылып шықты. Университет ардагерлері профессор Б.Таубаев облыстық «Елсана» руханиаттық орталығының, Ш.Нағымұлы облыстық онамастикалық комиссияның мүшесі ретінде өлкенің саяси-қоғамдық өмірінің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Сонымен қатар ардагерлер 2017-2020 жылдардың аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдармаларын насихаттау және жүзеге асыру бағытындағы шараларға белсене қатыса отырып, облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттеріне мақалалар жариялады, телевизиялық хабарларға қатысты.
Университетің ардагерлер Кеңесі ректоратпен бірлесе отырып, қазіргі кезде жұмыс істемейтін, демалыстағы зейнеткерлермен байланыста болуды үнемі өз назарында ұстап отырады. Университеттің алты деканатымен және олардың құрамындағы кафедралардың меңгерушілерімен тығыз байланыста болудың нәтижесінде үйлерінде еңбек демалысында отырған зейнеткерлер моральдық тұрғыда назар аударусыз қалып отырған жоқ. Денсаулықтары нашарлаған кейбір ардагерлерге кәсіподақтың тарапынан бірнеше рет көмек көрсетілді. 2020 жылдың 24 қаңтарында университет ректоры профессор С.Н.Идрисовтың ұсынысы және қолдауымен «Жайық» мәдени-спорттық кешенінде университет ардагерлерімен ректордың кездесуі өтіп, оған 91 ардагер қатысты. Кездесуге жұмыс жасап жүрген ардагер ұстаздармен қатар еңбек демалысында отырған 11 зейнеткер қатысты. Университеттің қабырғасында өткізілген осындай игі шараларға ардагерлер Кеңесі басшылық жасап отырады. 2020 жылы 12 қарашада университет ардагерлерінің жалпы жиналысында төмендегі құрамда ардагерлер Кеңесі сайланды:
Нағымов Ш. Н. – Ардагерлер Кеңесінің төрағасы
Әжікен С.С. – мүше, Гуманитарлық пәндер және өнер факультеті
Жүсіп Қ. Ө. – мүше, Көп тілді білім беру факультеті
Ырзағалиев Қ. – мүше, Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдар факультеті
Мәмбетов Н.М. – мүше, Инновациялық білім беру факультеті
Хамметов А.Х. – мүше, Физика-математика және ақпаараттық білім беру факультеті
Таубаев Б. Ж. – мүше, Экономика және құқық факультеті
Тыныбаева Б.К. – мүше, университет әкімшілігі
Нағимов Шахман Нағимұлы
Төраға
«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті»
2025-2026 оқу жылы
Жас ғалымдар кеңесінің құрамы
|
№ |
Аты-жөні, тегі |
Лауазымы (ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі) |
|
1 |
Рахметов Максот Елеусизович |
Кеңес төрағасы, «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD |
|
2 |
Молдашева Раушан Нуркожаевна |
Кеңес төрағасының орынбасары, Бағдарламалық инженерия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD |
|
3 |
Каримова Камария Едігеқызы |
Кеңес хатшысы, Ғылым департаменті ғылымды дамыту бөлімінің маманы, магистр |
|
4 |
Мугауина Гулбарам Олжағалиқызы |
Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD |
|
5 |
Дауткулова Акмарал Калиярбековна |
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының сеньор-лекторы, магистр |
|
6 |
Мухамбетова Мейрамгуль Жароллаевна |
«Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD |
|
7 |
Багитова Каламкас Багитовна |
Информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD |
|
8 |
Кадашова Жанар Кыдырбаевна |
Химия және химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, PhD |
|
9 |
Молдашева Жадра Жоламановна |
Бағдарламалық инженерия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD |
|
10 |
Карекенова Саяхат Габлетовна |
Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD |
|
11 |
Дайрабаева Нурбахыт Кылышевна |
Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр |
|
12 |
Нургалиева Айман Калидуллаевна |
Биология және балық шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD |
|
13 |
Шамшеденова Самал Саламатовна |
Экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD |
|
14 |
Джугембаева Бакытгуль Аскаровна |
Физика және техникалық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы, магистр |
|
15
|
Шармұханбет Салтанат Русланқызы |
Бағдарламалық инженерия кафедрасының қауымдастырылған профессор, PhD |
|
16 |
Зайнов Амангелді Мугаувич |
Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының сеньор-лекторы, магистр |
|
17 |
Кайргожин Дулат Уразбаевич |
Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық кафедрасының сеньор-лекторы, магистр |
|
18 |
Насиппуллаев Еркебұлан Бекбергенұлы |
«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының сеньор-лекторы, магистрі |
|
21 |
Муратова Лаура Мураткызы |
Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD |
|
22 |
Әлжанов Ғаділбек Мұратұлы |
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасын қауымдастырылған профессоры, PhD
|
|
23 |
Ишанова Гүлнәзік Мұратқызы |
Орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр |
|
24 |
Әбілхайр Асылби Мұратқалиұлы |
Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасы, магистр оқытушы |
|
25 |
Маратова Асель Маратовна |
Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасы, магистр оқытушы |
|
26 |
Есілханқызы Несібелі
|
Орыс филологиясы кафедрасы, Аға оқытушы, педагогикалық ғылымдар магистрі |
Оқу-әдістемелік кеңес
Оқу – әдістемелік кеңесінің негізгі мақсаты: білім беру қызметтерінің сапасын тұрақты өсімін қамтамасыз ету; озық жүйелерді, технологияларды, оқыту әдістерін және әкімшілік қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру арқылы заманауи деңгейдегі білім беру процесін ұйымдастыру. Алға қойған мақсаттарға жетуде келесі міндеттерді жүзеге асыруы қажет:
-
оқу үдерісі сапасының әдістемелік қамтамасыздандыру мониторингін ұйымдастыру;
-
оқу – әдістемелік әдебиеттер, оқулықтар мен университет баспасының жарияланған басқа да материалдарды жариялау үшін жоспарлау, сараптама ұйымдастыру және ұсыныс беру;
-
университеттегі білім беру үрдісін жетілдіру және әдістемелік қызмет көрсету;
-
оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіруде және ұйымдастыруда озық жетістіктерді тарату және енгізу;
-
сапа менеджмент жүйесі мен білім беру үрдісінде оқу-әдістемелік материалдар нәтижелерін енгізу дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау;
-
қолданыстағы технологияларды, әдістері, университетте оқыту құралдарды жетілдіру және жаңасын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
-
профессор–оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру мақсатында жұмыстарды үйлестіру;
-
білім беру қызметкерлерінің атестаттауына қатысу;
Жұмыс бағыты
Оқу әдістемелік кеңес құрамында келесі Комиссиялар жұмыс істейді:
-
Білім беру бағдарламаларының сапасын тексеру;
-
Бағалау мен оқыту әдістері қадағалау;
-
Оқу-әдістемелік шығарымдар;
-
Білім беруді, ғылымды және бизнесті интеграциялау;
-
Білім алушылардың контингентін қалыптастыру.
Құрамы
ОӘК төрағасы қызметін Төраға – оқу – ісі жөніндегі проректор жүзеге асырады.
ОӘК құрамы факультеті кафедраларының, сайланады мүшелері, оқу бөлімшелерінің басшылары, оқу - әдістемелік жұмыстарды атқаратын білім бөлімдерінің бастықтары және жоғары білім берудің педагогикасы мен жоғары білім әдістемесі бар өзге университет қызметкерлері. Тізім тіркелген
Білім бағдарламасының академиялық сапасын арттыру және дамуын қамтамасыз ету офисі
Білім беру бағдарламасының академиялық сапасын арттыру және дамуын қамтамасыз етудегі кеңсенің міндеттері:
- университетте ББ-нің іске асырылуына мониторинг жасау;
- білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және бекіту бойынша ішкі нормативтік құжаттаманы әзірлеу;
- университеттің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырғанда білім беру қызметін жүргізу құқығын беретін мемлекеттік лицензияға, ҚР МЖМБС және университет ректоры бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау және үйлестіру;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кафедраларға кәсіптік стандарттарға және жұмыс берушілердің ұсыныстарына сәйкес әдістемелік көмек көрсету, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру;
- білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген, МЖМБС және ұлттық біліктілік шеңбері мен білім беру саласындағы салалық біліктілік шеңберін ескере отырып әзірленген білім беру бағдарламаларының сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
- ҚР БҒМ ББ іске асыру бойынша ақпараттық-есептік ақпаратты ұсыну;
- оқу процесін жоспарлау сапасына және нормативтік талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу;
- оқу процесін жетілдіру және білім беру қызметінің сапасын арттыру;
- кадрларды даярлау бағыттары бойынша академиялық кеңестердің қызметін ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету.
Академиялық сапаны қамтамасыз ету, арттыру және білім беру бағдарламаларын дамытудағы Кеңсенің қызметтері:
1. оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына және бекітілген университетішілік нормативтік құжаттарға сәйкес жоспарлайды;
2. білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі ережені әзірлейді;
3. білім беру бағдарламаларын қалыптастыруда кафедраларға әдістемелік көмек көрсетеді;
4. университеттің барлық ББ бойынша элективті пәндер каталогын келісім алу және бекітуге дайындау бойынша; жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу және бекітуге дайындау бойынша; оқыту нысандары мен курстары бойынша академиялық күнтізбенің жобаларын және оқу жылына арналған оқу процесінің кестелерін жасау және бекіту бойынша жұмысты үйлестіреді; кафедраларда оқу құжаттамасының болуын тексеру: жұмыс оқу бағдарламалары (Syllabus), пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, әдістемелік нұсқаулар және т. б., сондай-ақ курстық жобаларды (жұмыстарды), оқу құралдарын ресімдеу және орындау бойынша, тізбеде оқытушылардың оқу-әдістемелік құжаттамаларды "Platonus" автоматтандырылған жүйесінде орналастыруын талдау жасау;
5. кадрларды даярлау бағыттары бойынша академиялық кеңестердің жұмысын бақылайды;
6. университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы дайындаған оқу және оқу-әдістемелік әдебиетті басып шығару жоспарының іске асырылуын бақылайды;
7. университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемесінің уақытын есептеу нормаларын, оқу жүктемесінің көлемі мен штатын айқындайды, бекітуге ұсынады, сағат есебін және кафедра бойынша оқу жүктемесінің бөлінуін талдайды;
8. оқыту жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
9. оқу процесіне қатысты ішкі нормативтік-әдістемелік құжаттаманы жақсарту бойынша жұмыс жүргізеді;
10. ғылыми кеңес, ректорат үшін қаралатын мәселелер бойынша анықтамалар мен ақпараттар дайындайды;
11. ҚР БҒМ сұраныстары мен хаттары бойынша ақпарат ұсынады.
Оқу-әдістемелік кеңесінің құрамы
Комиссия по этике и дисциплине:
Имеет консультативно-совещательную функцию, предусматривающую вопросы профилактики и страхования правонарушений в сфере образования, соблюдения коррупционного законодательства, обеспечения морально-этических норм в коллективе, укрепления трудовой дисциплины;
- осуществляет борьбу с нарушителями внутренней дисциплины университета в сотрудничестве с руководителями структурных подразделений вуза;
-рассматривает вопросы, касающиеся дисциплинарных проступков сотрудников и обучающихся, профессорско-преподавательского состава, лиц, занимающих должности структурных подразделений и разногласий между преподавателями и обучающимися.
Комиссия по этике и дисциплине
Койшыгулова Ляйля Ерболатовна
Проректор по социальным вопросам и молодежной политике, председатель комисси
Кайыргалиева Гулфайруз Кайыргалиевна
Руководитель аппарата правления, член комиссии
Нагимов Шахман Нагимович
Председатель совета ветеранов, член комиссии
Ахмет Аккали Кабижанович
Председатель профсоюза, член комиссии
Шугаева Гулшат Коныратовна
Профессор кафедры Психологии и Педагогики, член комиссии
Сулейменова Жанаргул Уразовна
Вице-проректор по академическим вопросам, член комиссии
Мухамбеткалиев Чингиз Нуржанович
Руководитель Антикоррупционной комплаенс службы, член комиссии
Куанов Кайрат Сабитович
Юрист, член комиссии
Жолдас З.
Студент 3 курса, член комиссии
Бисембаева Н.К.
Студент 3 курса, член комиссии
Сарсенова Алия Борисовна
Сеньор-лектор кафедры гражданско-правовых дисциплин, секретарь комиссии
Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы
Сембай Ернұр Жұмахметұлы - Студенттік өзін-өзі басқару құрылымының 2025-2026 оқу жылындағы президенті
16 - 29 Қыркүйек аралығында өткен президенттік сайлау барысында 390 дауыс жинап, жеңіске жетті.
Сембай Ернұр Жұмахметұлы - Атырау облысы, Құрманғазы ауданының тумасы. Қазіргі таңда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Көптілді білім беру факультетінің 3 курс студенті.
2024 жылы "Ақтаңгер" ақындар клубының мүшесі.
2024 жылы «Көшбасшы» интеллектуалды клубының мүшесі.
Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы – студенттердің оқуын, тұрмысын, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қоғамдық қызметінің ерекше үлгісі.
Студенттік өзін-өзі басқару құрылымының мақсаты
● ЖОО студенттік ұйымдарды дамыту
● Студенттердің көкейкесті мәселелерін шешу
● Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау
● Студенттердің шығармашылығын шыңдау
● Жастардың бойындағы ұйымдастырушылық һәм көшбасшылық қасиетін дамыту
2025-2026 жылғы студенттік өзін-өзі басқару ұйымының тізімі
1. Сембай Ернұр – ҚТӘ 301/3
2. Насипкалиева Сымбат – Дінтану 101/2
3. Асқар Дильназ – Журналистика 201/3
4. Қайырбай Қуаныш – ҚТӘ 101/1
5. Жубанғали Фархат – Психология 101/2
6. Қарашбай Айжарқын – Тарих мұғалімі 101/1
7. Сұпығали Гүлназар – НВП 201/1
8. Ғабит Абдулкарим – Дінтану 101/2
9. Айжарыққызы Жұлдыз – Психология 101/2
10. Мақсым Альмира – НВП 201/2
11. Аманжолова Нұрай – Физмат 101/3
12. Аманжол Дильназ – Физмат 101/3
13. Жайлыбай Нұрбақыт – Дене шынықтыру
14. Махмудов Расул – Дене шынықтыру
Жатақхана студенттік кеңесінің құрылымы
Жатақхана студенттік кеңесі – жатақханада тұратын студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және бастамаларын қолдауға бағытталған өзін-өзі басқару құрылымы. Кеңес жатақхана ішіндегі мәдени, әлеуметтік және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырып, студенттердің өзекті мәселелерін шешуге атсалысады. Қызметі Жастар саясаты департаментінің басшылығымен жүзеге асырылады.
№ 1 студенттер үйінің 2025 – 2026 оқу жылының студенттік кеңес құрамы
|
Аты-жөні |
Қызметі |
Факультеті |
Курс |
|
|
1 |
Мейрам Тілекші Айбекқызы |
Студенттік кеңес төрайымы |
Жаратылыстану ғылымдар факульеті |
3 |
|
2 |
Мейрам Толғанай Айбекқызы |
І қабат старостасы |
Экономика және құқық факультеті |
1 |
|
3 |
Жайман Жайнагүл Мақсотқызы |
ІІ қабат старостасы |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті |
1 |
|
4 |
Қуандық Қарақат Жомартқызы |
ІІІ қабат старостасы |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
|
5 |
Қоныскерей Гүлшат Айболатқызы |
ІV қабат старостасы |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
|
6 |
Пердебек Рамазан Саматұлы |
Мәдени іс-шара ұйымдастырушы |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
|
7 |
Табылдықызы Амина |
СММ, мобилограф |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
|
8 |
Кенжегалиев Мирас Женисович |
Белсенді студент |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
1 |
|
9 |
Бақытжанқызы Несібелі |
Белсенді студент |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
1 |
|
10 |
Еділбай Мерейлім Бейтімбайқызы |
Белсенді студент |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті |
1 |
№ 2 студенттер үйінің 2025 – 2026 оқу жылының студенттік кеңес құрамы
|
№ |
Аты-жөні |
Қызметі |
Факультеті |
Курс |
|
1 |
Балтабаева Динара Мельсовна |
Студенттік кеңес төрайымы |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
|
2 |
Болат Нұрасыл Азаматұлы |
Студенттік төрайым орынбасары |
Инновациялық білім беру факультеті |
2 |
|
3 |
Жангелдіқызы Наргиз Жангелдіқызы |
А блок старостасы |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті |
2 |
|
4 |
Асанхан Еңлік Аралбайқызы |
А блок староста көмекшісі |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті |
2 |
|
5 |
Аманқос Ақмейір Тарғынқызы |
Б блок старостасы |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті |
2 |
|
6 |
Жасбатыр Мадина Жасұланқызы |
Б блок староста көмекшісі |
Инновациялық білім беру факультеті |
3 |
|
7 |
Жүрсинбек Айдана Иулдашқызы |
С блок старостасы |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
2 |
|
8 |
Алпамыс Махаббат Ерханқызы |
С блок староста көмекшісі |
Көптілді білім беру факультеті |
2 |
|
9 |
Наурыз Алдаберген Қозыбайұлы |
Мәдени іс-шара ұйымдастырушы |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
№ 3 студенттер үйінің 2025 – 2026 оқу жылының студенттік кеңес құрамы
|
Аты-жөні |
Қызметі |
Факультеті |
Курс |
|
|
1 |
Бахтыбай Аружан Бахытқызы |
Төрайым |
Инновациялық білім беру факультеті |
4 |
|
2 |
Даурен Ғалия Исламқызы |
Төрайымның орынбасары |
Көптілді білім беру факультеті |
4 |
|
3 |
Қожабай Алтынай Инкарбекқызы |
6 этаж старосты |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті |
2 |
|
4 |
Идаят Мәдина Русланқызы |
7 этаж старосты |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті, |
4 |