Жаңалықтар

Атырау университеті AUF қауымдастығына мүше болды

19.05.2026 9

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Университеттік Франкофония агенттігінің — Agence Universitaire de la Francophonie (AUF) қауымдастырылған мүшесі мәртебесіне ие болды.

AUF Әкімшілік кеңесінің шешімімен университетіміз аталған халықаралық академиялық ұйымның мүшесі ретінде қабылданды. Бұл мәртебе Атырау университетіне франкофондық жоғары оқу орындарымен байланыс орнатуға, білім беру және ғылыми жобаларға қатысуға, сондай-ақ AUF тарапынан ұсынылатын конкурстар мен қаржыландыру мүмкіндіктеріне жол ашады.

AUF мүшесі ретінде университет ұйымның Бас Ассамблеясына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады. Сонымен қатар, бұл қадам университеттің халықаралық академиялық кеңістіктегі байланыстарын кеңейтуге, оқытушылар, зерттеушілер мен студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.

Аталған мүшелік университеттің халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми әріптестікті нығайтуға және академиялық ұтқырлық бағытындағы жұмыстарды кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

file