Атырау университетінің кеңестері
Ғылыми кеңес
Ардагерлер кеңесі
Оқу-әдістемелік кеңес
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес
Жатақхана студенттік кеңесі
Студенттік кеңес
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ардагерлер Кеңесі университеттің сапа менеджменті жүйесінің 2018 жылы 14 желтоқсанда бекіткен ардагерлер Кеңесі туралы ереже бойынша жұмыс істейді. Кеңес университеттің қоғамдық құрылымы болып табылады.
Ардагерлер Кеңесі өзінің құзыреттілігіне сай жоғары оқу орны әкімшілігі және кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, зейнеткерлердің еңбек жағдайы мен құқығын қорғау, ардагерлердің қоғамдық өмірге қатысын, жоғары деңгейде әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету, кәсіподақ комитеті арқылы санаторийлік емделуін қамтамасыз ету, ардагерлердің оқу орындарында, еңбек ұжымдарында, қоғамдық мекемелерде аға буынның жауынгерлік және еңбек дәстүрлерін насихаттауға ықпал ету, ардагерлердің университеттегі әріптестерімен бірге түрлі ғылыми жобалар мен ғылыми зерттеулер жүргізуіне ықпал ету, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу,университеттің ішіндегі жалпы моралдық және психологиялық оңды ахуалдың қалыптасуына ықпал ету, университет оқытушы-профессорлар құрамының студенттерге, магистранттарға сапалы білім беру ісіне мүмкіндігінше көмектесу, ашық сабақтарға және өзара сабақтарға қатысу, жаңа технологияларды игеру, университеттің атынан бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі хабарларға қатысу міндеттерін жүзеге асырумен айналысып келеді. 2020 жылдың 15 сәуірінде университетте 78 профессор-оқытушы, 19 қызметкер еңбек етіп келеді. Профессор-оқытушы құрамынындағы ардагерлердің 77 пайызының ғылыми атақтары мен ғылыми дәрежелері бар. Университеттің ардагерлері республиканың, облыстың, қаланың және жоғары оқу орнының қоғамдық және мәдени-әлеуметтік өміріне тікелей араласа отырып, еліміздің және университеттің жоғары деңгейде дамуына ықпал етіп келеді. Ардагерлердің басым көпшілігі өздерінің мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстардың дамуына үлкен үлестерін қосып жүр.Тек соңғы үш жылдың ішінде ардагер ұстаздардың 100-дің үстінде оқулықтары мен оқу құралдары және ғылыми монографиялары республикалық «Арыс», «Фолиант», «Өлке» және Ақтөбе, Атырау қалалары баспаларынан жарық көрді. Мысалы, профессор Қ.Жүсіптің 2016-2019 жылдары «Жылдар жаңғырығы», «Даланың дарқан дауысы», «Сұлу сөз», «Сырлы жүрек сыңғыры», «Ұлы тұлғалар» атты кітаптары мен монографиялары, доцент С.Әжікеннің «Атырау-әнім», «Сырнай үні», «Баян ансамбльдеріне арналған шығармалар, «Атырау саздары», «Баян аспабында орындаушылық өнер тарихы», «Баян аспабабында оқыту әдістемесі» кітаптары, профессор А.Хамметовтың бір оқулығы, екі оқу құралы, профессор А.Шамғоновтың Исатай мен Махамбет туралы бірнеше зерттеулері жарық көріп, ғалым 2019 жылы Махамбет атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанды. Осы мерзімде Ш.Нағымұлының «Азалы ақ кітап», «Атырау ұстаздары», «Батыс өлке тарихының тағылымды беттері» атты кітаптарымен қатар, республиканың арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «Мәдениеттану» оқулығы «Фолиант» баспасынан үшінші рет басылып шықты. Университет ардагерлері профессор Б.Таубаев облыстық «Елсана» руханиаттық орталығының, Ш.Нағымұлы облыстық онамастикалық комиссияның мүшесі ретінде өлкенің саяси-қоғамдық өмірінің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Сонымен қатар ардагерлер 2017-2020 жылдардың аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдармаларын насихаттау және жүзеге асыру бағытындағы шараларға белсене қатыса отырып, облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттеріне мақалалар жариялады, телевизиялық хабарларға қатысты.
Университетің ардагерлер Кеңесі ректоратпен бірлесе отырып, қазіргі кезде жұмыс істемейтін, демалыстағы зейнеткерлермен байланыста болуды үнемі өз назарында ұстап отырады. Университеттің алты деканатымен және олардың құрамындағы кафедралардың меңгерушілерімен тығыз байланыста болудың нәтижесінде үйлерінде еңбек демалысында отырған зейнеткерлер моральдық тұрғыда назар аударусыз қалып отырған жоқ. Денсаулықтары нашарлаған кейбір ардагерлерге кәсіподақтың тарапынан бірнеше рет көмек көрсетілді. 2020 жылдың 24 қаңтарында университет ректоры профессор С.Н.Идрисовтың ұсынысы және қолдауымен «Жайық» мәдени-спорттық кешенінде университет ардагерлерімен ректордың кездесуі өтіп, оған 91 ардагер қатысты. Кездесуге жұмыс жасап жүрген ардагер ұстаздармен қатар еңбек демалысында отырған 11 зейнеткер қатысты. Университеттің қабырғасында өткізілген осындай игі шараларға ардагерлер Кеңесі басшылық жасап отырады. 2020 жылы 12 қарашада университет ардагерлерінің жалпы жиналысында төмендегі құрамда ардагерлер Кеңесі сайланды:
Нағымов Ш. Н. – Ардагерлер Кеңесінің төрағасы
Әжікен С.С. – мүше, Гуманитарлық пәндер және өнер факультеті
Жүсіп Қ. Ө. – мүше, Көп тілді білім беру факультеті
Ырзағалиев Қ. – мүше, Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдар факультеті
Мәмбетов Н.М. – мүше, Инновациялық білім беру факультеті
Хамметов А.Х. – мүше, Физика-математика және ақпаараттық білім беру факультеті
Таубаев Б. Ж. – мүше, Экономика және құқық факультеті
Тыныбаева Б.К. – мүше, университет әкімшілігі
Нағимов Шахман Нағимұлы
Төраға
|
КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ |
||||
|
1 |
Бекова Гүлдана Таңбайқызы |
Физика және техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр |
||
|
КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Инновациялық білім беру факультеті Психология және арнайы білім беру кафедасы |
||||
|
2 |
Қазиев Қарас Оржанұлы |
аға оқытушы, PhD |
||
|
КЕҢЕС ХАТШЫСЫ |
||||
|
|
Каримова Камария Едігеқызы |
Ғылыми-техникалық ақпараттар бөлімінің маманы, магистр |
||
|
КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ |
||||
|
Көптілді білім беру факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы |
||||
|
3 |
Дауткулова Акмарал Калиярбековна |
аға оқытушы, магистр |
||
|
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасы |
||||
|
4 |
Ерсайнова ЖаухарДария Ерсайнқызы |
оқытушы, магистр |
||
|
Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасы |
||||
|
5 |
Әсем Набидоллақызы |
оқытушы, магистр |
||
|
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы |
||||
|
6 |
Заинов Амангелді Нұғауович |
аға оқытушы, магистр |
||
|
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы |
||||
|
7 |
Әлжанов Ғаділбек Мұратұлы |
аға оқытушы, магистр |
||
|
Экономика және құқық факультеті Экономика кафедрасы |
||||
|
8 |
Зинуллина Айзада Ибраевна |
оқытушы, магистр |
||
|
Қаржы және есеп кафедрасы |
||||
|
9 |
Ахметова Альфия Сабитовна |
оқытушы, доктор PhD |
||
|
Құқықтану кафедрасы |
||||
|
10 |
Шайхаденов Ренат Нурлыбекович |
Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, PhD |
||
|
Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті Бағдарламалық инженерия кафедрасы |
||||
|
Физика және техникалық пәндер кафедрасы |
||||
|
11 |
Шадьярова Жазира Куспановна |
аға оқытушы, магистр |
||
|
Информатика кафедрасы |
||||
|
12 |
Мұхамбетова Мирамгүл Жароллақызы |
аға оқытушы, PhD |
||
|
Инновациялық білім беру факультеті Педагогика кафедасы |
||||
|
13 |
Магауина Гулбарам Олжағалиқызы |
аға оқытушы, магистр |
||
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру кафедрасы |
||||
|
14 |
Әуелбаева Гүлсара Саламатқызы |
аға оқытушы, магистр |
||
|
Жаратылыстану және ауылшарушылық ғылымдары факультеті |
||||
|
15 |
Кабиев Ерлан Сырымович |
Жаратылыстану және ауылшарушылық ғылымдары факультеті деканы, аға оқытушы |
||
|
Экология кафедрасы |
||||
|
16 |
Шамшиденова Самал Саламатовна |
оқытушы, магистр |
||
|
Химия және химиялық технология кафедрасы |
||||
|
17 |
Галимова Назым Жаксибаевна |
оқытушы, магистр |
||
|
Ғылым департаменті |
||||
|
18 |
Сисеналиева Светлана Нурадиловна |
Ғылымды дамыту бөлімінің бас маманы, магистр |
||
Оқу – әдістемелік кеңесінің негізгі мақсаты: білім беру қызметтерінің сапасын тұрақты өсімін қамтамасыз ету; озық жүйелерді, технологияларды, оқыту әдістерін және әкімшілік қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру арқылы заманауи деңгейдегі білім беру процесін ұйымдастыру. Алға қойған мақсаттарға жетуде келесі міндеттерді жүзеге асыруы қажет:
-
оқу үдерісі сапасының әдістемелік қамтамасыздандыру мониторингін ұйымдастыру;
-
оқу – әдістемелік әдебиеттер, оқулықтар мен университет баспасының жарияланған басқа да материалдарды жариялау үшін жоспарлау, сараптама ұйымдастыру және ұсыныс беру;
-
университеттегі білім беру үрдісін жетілдіру және әдістемелік қызмет көрсету;
-
оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіруде және ұйымдастыруда озық жетістіктерді тарату және енгізу;
-
сапа менеджмент жүйесі мен білім беру үрдісінде оқу-әдістемелік материалдар нәтижелерін енгізу дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау;
-
қолданыстағы технологияларды, әдістері, университетте оқыту құралдарды жетілдіру және жаңасын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
-
профессор–оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру мақсатында жұмыстарды үйлестіру;
-
білім беру қызметкерлерінің атестаттауына қатысу;
Жұмыс бағыты
Оқу әдістемелік кеңес құрамында келесі Комиссиялар жұмыс істейді:
-
Білім беру бағдарламаларының сапасын тексеру;
-
Бағалау мен оқыту әдістері қадағалау;
-
Оқу-әдістемелік шығарымдар;
-
Білім беруді, ғылымды және бизнесті интеграциялау;
-
Білім алушылардың контингентін қалыптастыру.
Құрамы
ОӘК төрағасы қызметін Төраға – оқу – ісі жөніндегі проректор жүзеге асырады.
ОӘК құрамы факультеті кафедраларының, сайланады мүшелері, оқу бөлімшелерінің басшылары, оқу - әдістемелік жұмыстарды атқаратын білім бөлімдерінің бастықтары және жоғары білім берудің педагогикасы мен жоғары білім әдістемесі бар өзге университет қызметкерлері. Тізім тіркелген
Комиссия по этике и дисциплине:
Имеет консультативно-совещательную функцию, предусматривающую вопросы профилактики и страхования правонарушений в сфере образования, соблюдения коррупционного законодательства, обеспечения морально-этических норм в коллективе, укрепления трудовой дисциплины;
- осуществляет борьбу с нарушителями внутренней дисциплины университета в сотрудничестве с руководителями структурных подразделений вуза;
-рассматривает вопросы, касающиеся дисциплинарных проступков сотрудников и обучающихся, профессорско-преподавательского состава, лиц, занимающих должности структурных подразделений и разногласий между преподавателями и обучающимися.
Комиссия по этике и дисциплине
Койшыгулова Ляйля Ерболатовна
Проректор по социальным вопросам и молодежной политике, председатель комисси
Кайыргалиева Гулфайруз Кайыргалиевна
Руководитель аппарата правления, член комиссии
Нагимов Шахман Нагимович
Председатель совета ветеранов, член комиссии
Ахмет Аккали Кабижанович
Председатель профсоюза, член комиссии
Шугаева Гулшат Коныратовна
Профессор кафедры Психологии и Педагогики, член комиссии
Сулейменова Жанаргул Уразовна
Вице-проректор по академическим вопросам, член комиссии
Мухамбеткалиев Чингиз Нуржанович
Руководитель Антикоррупционной комплаенс службы, член комиссии
Куанов Кайрат Сабитович
Юрист, член комиссии
Жолдас З.
Студент 3 курса, член комиссии
Бисембаева Н.К.
Студент 3 курса, член комиссии
Сарсенова Алия Борисовна
Сеньор-лектор кафедры гражданско-правовых дисциплин, секретарь комиссии
Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы
Сембай Ернұр Жұмахметұлы - Студенттік өзін-өзі басқару құрылымының 2025-2026 оқу жылындағы президенті
16 - 29 Қыркүйек аралығында өткен президенттік сайлау барысында 390 дауыс жинап, жеңіске жетті.
Сембай Ернұр Жұмахметұлы - Атырау облысы, Құрманғазы ауданының тумасы. Қазіргі таңда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Көптілді білім беру факультетінің 3 курс студенті.
2024 жылы "Ақтаңгер" ақындар клубының мүшесі.
2024 жылы «Көшбасшы» интеллектуалды клубының мүшесі.
Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы – студенттердің оқуын, тұрмысын, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қоғамдық қызметінің ерекше үлгісі.
Студенттік өзін-өзі басқару құрылымының мақсаты
● ЖОО студенттік ұйымдарды дамыту
● Студенттердің көкейкесті мәселелерін шешу
● Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау
● Студенттердің шығармашылығын шыңдау
● Жастардың бойындағы ұйымдастырушылық һәм көшбасшылық қасиетін дамыту
2025-2026 жылғы студенттік өзін-өзі басқару ұйымының тізімі
1. Сембай Ернұр – ҚТӘ 301/3
2. Насипкалиева Сымбат – Дінтану 101/2
3. Асқар Дильназ – Журналистика 201/3
4. Қайырбай Қуаныш – ҚТӘ 101/1
5. Жубанғали Фархат – Психология 101/2
6. Қарашбай Айжарқын – Тарих мұғалімі 101/1
7. Сұпығали Гүлназар – НВП 201/1
8. Ғабит Абдулкарим – Дінтану 101/2
9. Айжарыққызы Жұлдыз – Психология 101/2
10. Мақсым Альмира – НВП 201/2
11. Аманжолова Нұрай – Физмат 101/3
12. Аманжол Дильназ – Физмат 101/3
13. Жайлыбай Нұрбақыт – Дене шынықтыру
14. Махмудов Расул – Дене шынықтыру
Жатақхана студенттік кеңесінің құрылымы
Жатақхана студенттік кеңесі – жатақханада тұратын студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және бастамаларын қолдауға бағытталған өзін-өзі басқару құрылымы. Кеңес жатақхана ішіндегі мәдени, әлеуметтік және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырып, студенттердің өзекті мәселелерін шешуге атсалысады. Қызметі Жастар саясаты департаментінің басшылығымен жүзеге асырылады.
№ 1 студенттер үйінің 2025 – 2026 оқу жылының студенттік кеңес құрамы
|
Аты-жөні |
Қызметі |
Факультеті |
Курс |
|
|
1 |
Мейрам Тілекші Айбекқызы |
Студенттік кеңес төрайымы |
Жаратылыстану ғылымдар факульеті |
3 |
|
2 |
Мейрам Толғанай Айбекқызы |
І қабат старостасы |
Экономика және құқық факультеті |
1 |
|
3 |
Жайман Жайнагүл Мақсотқызы |
ІІ қабат старостасы |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті |
1 |
|
4 |
Қуандық Қарақат Жомартқызы |
ІІІ қабат старостасы |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
|
5 |
Қоныскерей Гүлшат Айболатқызы |
ІV қабат старостасы |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
|
6 |
Пердебек Рамазан Саматұлы |
Мәдени іс-шара ұйымдастырушы |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
|
7 |
Табылдықызы Амина |
СММ, мобилограф |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
|
8 |
Кенжегалиев Мирас Женисович |
Белсенді студент |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
1 |
|
9 |
Бақытжанқызы Несібелі |
Белсенді студент |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
1 |
|
10 |
Еділбай Мерейлім Бейтімбайқызы |
Белсенді студент |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті |
1 |
№ 2 студенттер үйінің 2025 – 2026 оқу жылының студенттік кеңес құрамы
|
№ |
Аты-жөні |
Қызметі |
Факультеті |
Курс |
|
1 |
Балтабаева Динара Мельсовна |
Студенттік кеңес төрайымы |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
|
2 |
Болат Нұрасыл Азаматұлы |
Студенттік төрайым орынбасары |
Инновациялық білім беру факультеті |
2 |
|
3 |
Жангелдіқызы Наргиз Жангелдіқызы |
А блок старостасы |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті |
2 |
|
4 |
Асанхан Еңлік Аралбайқызы |
А блок староста көмекшісі |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті |
2 |
|
5 |
Аманқос Ақмейір Тарғынқызы |
Б блок старостасы |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті |
2 |
|
6 |
Жасбатыр Мадина Жасұланқызы |
Б блок староста көмекшісі |
Инновациялық білім беру факультеті |
3 |
|
7 |
Жүрсинбек Айдана Иулдашқызы |
С блок старостасы |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
2 |
|
8 |
Алпамыс Махаббат Ерханқызы |
С блок староста көмекшісі |
Көптілді білім беру факультеті |
2 |
|
9 |
Наурыз Алдаберген Қозыбайұлы |
Мәдени іс-шара ұйымдастырушы |
Көптілді білім беру факультеті |
3 |
№ 3 студенттер үйінің 2025 – 2026 оқу жылының студенттік кеңес құрамы
|
Аты-жөні |
Қызметі |
Факультеті |
Курс |
|
|
1 |
Бахтыбай Аружан Бахытқызы |
Төрайым |
Инновациялық білім беру факультеті |
4 |
|
2 |
Даурен Ғалия Исламқызы |
Төрайымның орынбасары |
Көптілді білім беру факультеті |
4 |
|
3 |
Қожабай Алтынай Инкарбекқызы |
6 этаж старосты |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті |
2 |
|
4 |
Идаят Мәдина Русланқызы |
7 этаж старосты |
Жаратылыстану ғылымдар факультеті, |
4 |
Ғылыми кеңес – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми және оқу-әдістемелік қызметін үйлестіретін алқалы басқарушы орган. Кеңес университеттің даму стратегиясын, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағыттарын айқындау, кадр саясаты мен ғылыми дәрежелерге ұсыну мәселелерін қарастырады. Кеңес құрамында 29 мүше бар.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС
Ғылыми кеңес – сайланбалы алқалы орган.
Университет жарғысымен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қоғам органдарының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарастыру барысында осы мәселелер бойынша қабылданған шешімдер ұсынымдық сипатта болып есептеледі.
Ғылыми кеңестің өкілеттік мерзімі – 3 жыл.
Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгілік ережелерін, Қоғамның жарғысын басшылыққа алады.
Ғылыми кеңесті Басқарма төрағасы – университет ректоры басқарады.
Ғылыми кеңестің дербес құрамы Басқарма төрағасы - ректордың бұйрығымен бекітіледі.
Өз құзыреті шегінде Ғылыми кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша мәселелерді қарастыру және шешім қабылдау;
- оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективтік жоспарын қарастыру;
- профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамға ғылыми атақтар беру мәселелерін қарастыру;
- ішкі тәртіп ережелерін қарастыру және бекіту;
- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
- университеттің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді қарастыру;
- университеттің әлеуметтік дамуының негізгі мәселелерін қарастыру және шешім қабылдау;
- өткен оқу жылындағы университет қызметінің қорытындысын шығару;
- Қоғамның оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы туралы есептерді мерзімді қарастыру;
- Қоғам құрамына кіретін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді қарастыру;
- Қоғам басқармасының бекітуі үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын қарастыру;
- Қоғам қызметімен байланысты және алқалық шешімді талап ететін басқа да мәселелерді қарастыру.
Ғылыми кеңестің отырысы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, айына бір рет өткізіледі.
Қажеттілікке қарай Ғылыми кеңестің отырысы жоспардан тыс өткізіледі.
Ғылыми кеңесте талқыланатын мәселелерді дайындауды ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, тәжірибені қорыту және кеңес жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін оның мүшелері қатарынан Басқарма төрағасының – Қоғам ректорының бұйрығымен үш жыл мерзімге ғалым хатшы тағайындалады.
Ғылыми кеңестің отырыстарына материалдарды уақтылы және сапалы дайындау және Ғылыми кеңестің іс қағаздарын жүргізу жауапкершілігі ғалым хатшыға жүктеледі.
Нуртилеуова Жаннат Асылбекқызы,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы,
Телефон: 27-63-15 + 7 702 162 98 07
e-mail: zh.nurtileuova@asu.edu.kz
Ізденушілерге арналған құжаттар тізімі (ішіне құжат салынады)
- Ғылыми бағыттар классификаторы
- Ғылыми атақ беру ережелері
- Ғылыми атаққа үміткерлердің құжаттары
- Ғылыми атақ ізденуші туралы анықтама
- Ғылыми еңбектер тізімін рәсімдеу үлгісі _
Ғылыми атақ беру тәртібі