Кафедра тарихы

16.04.2026 163

Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының ұзақ тарихы және құқық саласы мамандарын даярлауда маңызды орны бар кафедра. «Азаматтық құқық пәндері» кафедрасы 2001 жылы 3 наурызда құрылған. Кафедра меңгерушісі қызметін әр жылдары Б.Т. Жұмағұлов, Ф.И. Рысқалиева, Л.Б. Бердіғожин, Б.Ж. Исеев, А.Кулбараков, Ж.К. Мамбетова, А.О.Тұрдалиев атқарды. Әр кафедра меңгерушісі өз кезеңінде кафедраның дамуына баға жетпес үлес қосты:

2020 жылдан бастап кафедраны қауымдастырылған профессор Идресова Уздук Хамиқызы басқарады.

Кафедраның білім беру бағдарламалары

6В04201-Құқықтану

6В04204-Цифрлық құқық

«Атамекен» ҰКП білім беру бағдарламалары рейтингі бойынша 6В04201-Құқықтану білім беру бағдарламасы 2021 жылы 25/62, 2022 жылы 11/61, 2023 жылы 8/56,2024 жылы -12/57, 2025 жылы – 16/53 орындар иеленді.

Кафедра филиалдары:

- Атырау облыстық соты

- Әділет департаменті

- Полиция Департаменті

- Адвокаттар алқасы

ПОҚ белсенді және интерактивті әдістер мен технологияларды енгізу бойынша жұмыс істейді. Оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар шығарылады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өзінің біліктілік деңгейін үнемі арттырып отырады, оқытушылар ел ішінде де, жетекші шетелдік орталықтарда да біліктілікті арттыру курстарында мамандығы бойынша және заманауи білім беру технологиялары бойынша үнемі оқиды.

Кафедраның барлық оқытушылары ғылыми қызметпен, оның ішінде пәнаралық сипаттағы зерттеулермен белсенді айналысады: мемлекет және құқық тарихы, қаржы және қаржылық-салықтық-банктік құқық, қоршаған орта және экологиялық, жер қойнауын пайдалану және жылжымайтын мүліктің құқықтық режимі, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және еңбек құқығы және т.б. Зерттеулер нәтижелері бойынша Scopus және Web of Science халықаралық базаларында индекстелетін жоғары рейтингтік басылымдарда, журналдарда тұрақты жарияланады, сондай-ақ халықаралық ғылыми, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады.

Студенттер 2023 жылы«Құқық» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы республикалық Пәндік олимпиада нәтижесі бойынша   Министрліктің  III дәрежелі дипломымен 4 курс студенті Мөлдір Медетова, 2024 жылы «Құқық» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмысы конкурсының нәтижесі бойынша   Министрліктің  I дәрежелі дипломымен 2 курс студенті Сабидуллина Айзада Зайдоллаевна иеленді

2012 жылдан бері Заң клиникасы құрылып, сот, прокурорлар, корпоративтік заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылармен бірге тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру және студенттерді кәсіби практикалық машықтандыру жұмысын ұйымдастырады.

Полиция департаменті Тергеу басқармасымен бірлескен «Қайсар тергеушілер» студенттік үйірмесі, «Зиманов ізбасарлары» студенттік-ғылыми орталық, «Медиация» орталығы, «Құқық қорғаушылар» клубы жұмыс жасайды.

2024 жылдан бастап Қаржы мониторинг агенттігі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті арасындағы меморандум негізінде «Экономикалық қылмыстарды тергеу» микробіліктілік курсы енгізілді