Кафедра тарихы

16.03.2026 106

Менеджмент кафедрасының тарихы

Экономика және құқық факультетінің «Менеджмент» кафедрасының қалыптасу тарихы 2001 жылдан бастау алады. Кафедра өзінің даму кезеңінде бірнеше рет құрылымдық және атаулық өзгерістерге ұшырап, факультеттің білім беру және ғылыми әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарып келеді.

2001 жылдың сәуір айында кафедра «Экономикалық теория» кафедрасы ретінде құрылып, кейін жоғары білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес 2012 жылы «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасы болып қайта ұйымдастырылды. 2015 жылдың тамыз айынан бастап кафедра «Менеджмент» кафедрасы атауымен қызметін жалғастырып келеді.

Құрылған күннен бастап кафедраны экономика ғылымдарының кандидаттары, профессорлар Таубаев Б.Ж., Абаева А.А., Уталиева Р.С. басқарды. 2023 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін экономика ғылымдарының магистрі Дюсегалиева Б.М. атқарып келеді. Қазіргі кезеңде кафедраның стратегиялық дамуы, білім беру бағдарламаларын жаңғырту және ғылыми-зерттеу қызметін күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуетімен ерекшеленеді. Кафедра оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Р.С. Уталиева 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Бүгінгі таңда кафедрада бакалавриат және магистратура деңгейлері бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бакалавриатта 6В04102 – «Саладағы менеджмент» және 6В04103 – «Экономика және мемлекеттік басқару» бағдарламалары іске асырылуда. Магистратура деңгейінде 7M04113 және 7M04103 – «HR менеджмент», сондай-ақ 7M04116 – «Денсаулық сақтау менеджменті» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады.

Осылайша, «Менеджмент» кафедрасы білім беру мен ғылымды тиімді ұштастыра отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын факультеттің жетекші академиялық құрылымдарының бірі болып табылады.