Кафедра туралы

18.07.2025 0

Кафедрадағы жобалар

     Университетішілік ғылыми жобалар негізінде кафедраның қауымдастырылған профессор  Л.Е.Қойшығұлованың жетекшілігімен «Жастар арасындағы мамандық таңдауды футурология тұрғыдан зерттеу», PhD Г.О.Мугауинаның «Бастауыш сыныптағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу негіздері», К.О.Казиевтің «ЖОО-да педагогтердің эмоционалдық қажуының алдын-алудың психологиялық механизмдері»  атты ұсынылған ғылыми зерттеу жобалары университет ішілік конкурстың оң шешімімен жүзеге асырылуда.
      Кафедра профессор-оқытушылары Г.К.Шугаева, Л.Е.Қойшыгулова  BR21882260 «Күрделі әлем үшін білім беру аспектісінде педагогтардың үздіксіз кәсіби даму жүйесін құру: парадигма, әдіснама, цифрлық құралдар» тақырыбындағы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ғылым комитетінің мақсатты бағдарламалық қаржыландыру гранттық жоба мүшесі ретінде жұмыс атқаруда.


Мектеппен байланысы
Кафедра профессор-оқытушылары студенттермен бірігіп «Батыс өңіріндегі инклюзивті білім беру мәселелері» және «Суицидтің алдын-алу жолдары» тақырыбындағы жобаларға үлестерін қоса отырып, дуалдық білім беру жүйесі мақсатында Атырау қаласындағы Ж.Нәжімеденов атындағы № 2 орта мектеп филиалында сауалнама, тренингтер, дөңгелек үстел, семинарлар,  және зерттеу жұмыстарын жүргізуде.