Оқу құралы

09.04.2026 10

Кафедра оқытушылары  дайындаған оқулық, монографиялар

Аяпова Г.Б., Дәулетова А.Н.    «Көркем мәтінді талдау жолдары»

 Атырау 2020 ж

  

 

 

 

 

 

 

 

 

         Бұл көмекші оқу құралында көркем шығарма табиғаты, оның негізгі құрамдас бөліктері – тақырып пен идея, сюжет пен композиция мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар прозалық және поэзиялық шығармалардың ерекшеліктері мен жанрлық сипаты түсіндіріліп, көркем мәтінді талдаудың негізгі жолдары мен әдістері ұсынылады. Оқу құралы студенттерге көркем шығарманы ғылыми тұрғыда талдауға бағыт-бағдар береді.

Қайыржанова  Б.С. «Махамбет шығармалары арқылы жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мен оқытудың  өнегесі» Монография, Атырау 2023ж

 

   

     Бұл ғылыми монографияда ақын-жырау Махамбет Өтемісұлының батырлық, жауынгерлік және тағылымдық мазмұндағы жырларын тереңдетіп оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Сонымен қатар, оның поэзиясы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке, оны қорғау рухында тәрбиелеудің жолдары сөз болады.

    Монография қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне, филология факультеттерінің білім алушыларына, филолог ғалымдарға және мектеп мұғалімдеріне арналған.

 

 

 

 

 

 

 

     Балтоғаева Ж.Е. «Мағжан  Жұмабаев шығармаларының жанрлық көркемдік ерекшеліктері» Атырау 2015ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылып отырған монографиялық зерттеу – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаев поэмаларын арнайы зерттеу нысанына айналдырған тұңғыш еңбек болып табылады. Монографияда ақынның әдеби бейнесі – оның азаматтық позициясы мен адами ұстанымын қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы замана келбетімен байланысты зерттелген. Сонымен бірге еңбекте ақын поэмаларының жанрлық түрлері, сюжеттік /тарихи, аңыз, әдеби/ негіздері және көркемдік жүйесі идеялық мотивтері арқылы зерттеледі.

Кітап филология, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша жоғары оқу орны студенттері мен магистранттарына және әдебиет сүйер көпшілік қауымға арналған.

 

Балтоғаева Ж.Е. «Көркем ойдың астары» монография  Атырау 2024ж

Бұл жинаққа автордың әр жылдарда қазақ әдебиеті мәселелеріне қатысты, әдебиет зерттеушілерінің еңбектері мен әдеби портреттері туралы жазылған мақалалар жинақталған. Сонымен бірге М.Жұмабаев шығармашылығына қатысты мақалалар арнайы бөлімге жинақталған. Жазушылар Ә.Кекілбаев, О.Бөкеев туындыларына қатысты талдаулар берілген. Кітап қазақ әдебиеті мамандығы студенттері, магистранттары және жас мамандарға пайдалы құрал болып табылады.