Ғылыми жұмысы
Ғылыми жобалар мен стартаптар
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Жаратылыстану факультетінің деканы Есенаманова М.С. «Студенттердің ғылыми зерттеулерінің аймақтың тұрақты дамуына әсері» тақырыбында баяндамасында екі ерекше жобаны таныстырды:
- Климаттың өзгеруі жағдайында өсімдіктерді топырақсыз өсіру технологиялары;
- Фитотері – өсімдік және тағам қалдықтарын инновациялық материалға қайта өңдеу.
«StartUp 2025» байқауының екінші кезеңінде финалға шыққан 7 жобаның екеуі Экология кафедрасының студенттері:
- Досмухамбетова Дильназ және Ургарчев Дмитрий – «Phyto Кожа» жобасы, 1 400 000 тг;
- Аружан Сатым, Досбергенова Мадина және Теңгебаева Алия – эпоксидті шайырдан естелік бұйымдар, 1 000 000 тг.
Қолданбалы экология 2 курс студенті Досмухамбетова Дильназ «Bilim zhane Bolashak» халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында 1 орын алды. Ғылыми жетекшісі: Тауова Н.Р.
«Жер ЭКО Хаб» эко-жобасында 3–4 курс студенттері Интимахова Ботагөз, Келимбердина Жібек, Сәдібек Альмира, Қойшығали Темирлан, Әлмұратқызы Әсел қатысып сертификат алды. Команда аты: BioLotos. Ғылыми жетекші: Тауова Н.Р.
6В05201 – Қолданбалы экология 2 курс студенті Досмухамбетова Дильназ EcoBatys 20 бастамасы шеңберінде «Үй маңында қалдықтарды бөлек жинау» тренингінен сертификат алды.
Ғылыми жетістіктер мен академиялық ұтқырлық
Атырау телеарнасының «Еңбек адамы» бағдарламасының 2025 жылғы шығарылымы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті Экология кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, эколог Мансия Есенаманованың ғылымдағы жетістіктері мен еңбек жолына арналды.
Атырау телеарнасына Тауова Н.Р сұхбат берді. «Лотостың экожүйедегі маңызы» туралы яғни су сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және басқа өсімдіктер мен жануарлар үшін тіршілік ортасын қамтамасыз ету сияқты маңызды қасиеттерін баяндады.
Ассоциирланған профессор, PhD Есенаманова Ж.С. 10–21 наурыз аралығында Каспий технологиялар және инжиниринг университеті Ш. Есенов атындағы Экология және геология кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәрістер оқыды.
Сонымен қатар, Экология кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессор Тауова Н.Р. академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 17–29 қараша аралығында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде дәрістер оқыды. Ол 6В05201 – «Экология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне «Өндірістік экология және химиялық технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасында практикалық сабақтар жүргізді.