Каспий маңы елдері университеттері қауымдастығының XXVII Бас Ассамблеясы

26.02.2026 58

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Каспий маңы елдері университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының XXVII Бас Ассамблеясының отырысы өтті.

Университет ректоры С. Н. Идрисов Қауымдастық президенті ретінде сөз сөйлеп, университетке көрсетілген сенім мен жоғары мәртебе үшін алғысын білдірді. Атырау облысы әкімінің атынан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев Қауымдастықтың жауапты хатшысы Е. А. Юкинаға және Б. Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің профессоры А. К. Натыровқа Алғыс хаттар тапсырды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Ақерке Абылайхан Қауымдастықтың ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті.

Ассамблея жұмысына Каспий өңірі елдерінің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарының өкілдері қатысты, олардың арасында: Юрий Тимофеевич Пименов — Каспий маңы елдері университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының атқарушы директоры, Бейбіт Мамраев — Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Жюли Рансон — PhD, Пуатье университетінің доценті (Франция), Александр Неваленный — Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры және т.б. болды.

Ассамблея барысында Каспий өңіріндегі ғылым мен білімді интеграциялау, сондай-ақ экологиялық және технологиялық мәселелерді шешу саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалды. Бүгінгі таңда Каспий маңы елдері университеттерінің қауымдастығы ғылым, білім және мәдени өзара іс-қимыл саласындағы өңірдің сенімді серіктесі болып табылатынын атап өткен жөн. Жақын болашақта академиялық байланыстарды кеңейтуге, студенттер мен оқытушылармен алмасуға, сондай-ақ ғалымдар мен инженерлердің жаңа буынын даярлауға бағытталған «Каспий маңы кампусы» жобасын іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, зерттеу жобалары үшін стипендия тағайындалып, қатысушы елдердің дәстүрлері мен тілдерін үйренуге және дәріптеуге арналған «Каспий — мәдени диалог аумағы» жобасы жүзеге асырылатын болады.

file
file
file
file
file
file
file
Каспий маңы елдерінің университеттері меморандумдарға қол қойды