Университетте NCOC өкілдерінің қатысуымен қауіпсіздік техникасы бойынша дәріс өтті
2024 жылғы 26 қыркүйекте Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде университет білім алушыларына арналған қауіпсіздік техникасы бойынша танымдық дәріс өтті. Іс-шараны North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясының өкілдері ұйымдастырып, өткізді.
Кездесу барысында компания мамандары өндірістік және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі талаптары, өндірістік нысандардағы мінез-құлық ережелері, жазатайым оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар еңбекті қорғау, экологиялық жауапкершілік және жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Студенттер мұнай-газ саласындағы нақты тәжірибелік кейстермен танысып, сарапшыларға өз сұрақтарын қойып, халықаралық жобаларда қолданылатын заманауи қауіпсіздік стандарттарын талқылау мүмкіндігіне ие болды. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың кәсіби даярлығын арттыруға, тәжірибелік дағдыларын дамытуға және университеттің өңірдегі ірі өндірістік серіктестермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.