2024-2025 оқу жылы
4.10.2024
Республикалық “Махамбет оқулары” байқауы
Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық “Махамбет оқулары” байқауына “Біз неткер ер, неткен ер , сергелдеңмен өткен ер” бағыты бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Мажитов Бақдаулет қатысып, I ОРЫН иеленді!
Жетекшісі: Якупова Маншук Сагидоллиевна
Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!

9.10.2024
Облыстық “Фариза оқулары” байқауы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының оқушылары жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушыларының арасында өткен облыстық “Фариза оқулары” байқауына қатысты.
”Жырым қалсын жанымның ұшқынындай” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Мұратбай Мансур II орынмен марапатталды.
”Фариза шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Тілек Айдын Алғыс хатпен марапатталды.
”Өлең, мен сені аялап өтем…” бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Қайырбай Қуаныш Алғыс хатпен марапатталды.

16.10.2024
Республикалық “Менің шағын Отаным” интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының оқушылары жас тарихшылардың республикалық “Менің шағын Отаным” интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңіне қатысты.
”Менің шағын Отанымның болашағы” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Жайлханұлы Әбілмансұр Алғыс хатпен марапатталды.
”Менің шағын Отанымның символы” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Жолдас Әлішер Алғыс хатпен марапатталды.
”Менің шағын Отанымның тарихы” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Атшыбай Жасын Алғыс хатпен марапатталды.
”Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Ақниетұлы Исмаил Алғыс хатпен марапатталды.

17.10.2024
XVII Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі
Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі қорытыланды.
17 қазан күні 11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Әзілханұлы Оралжан Алғыс хатпен марапатталды.

20.10.2024
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беретін ұйымның шығармашыл оқушылары арасындағы “Ақберен” республикалық өнер байқауының облыстық кезеңіне “Ақындар мүшәйрасы” номинациясы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Айболат Айбек қатысып, жүлделі I ДӘРЕЖЕЛІ орынды иеленді!


13.11.2024
“Меңдекеш Сатыбалдиев оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының оқушылары “Меңдекеш Сатыбалдиев оқулары” байқауының облыстық кезеңіне қатысты.
”Меңдекеш Сатыбалдиевтің прозалық шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу ” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Махсот Мейіржан жүлделі II орынмен марапатталды.
10-сынып оқушылары Сапарбай Бекет және Махуов Нурмухаммед сертификат иеленді.

28.11.2024
Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне қатысты.Нәтижесінде:
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Тулегенов Ислам орыс тілі пәнінен қатысып, II ОРЫН иеленді!
Жетекшісі: Суйенгалиева Гульмира Сабировна
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Даут Нурсат тарих пәнінен қатысып, III ОРЫН иеленді!
Жетекшісі: Ғайноллаев Қуандық Зейноллаұлы

13.12.2024
“Жырым қалсын жанымның ұшқынындай” атты байқау
Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай оқушылар мен студенттер арасында ұйымдастырылған “Жырым қалсын жанымның ұшқынындай” атты байқауға “Ұстаз” мектебінің оқушылары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
“Ән барады айналып гүл даланы” номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Қайырбай Қуаныш жүлделі I орынды иеленіп, 30 000 тг ақшалай сертификатпен марапатталды!
”Өлең, мен сені аялап өтем” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Мұратбай Мансур жүлделі III орынды иеленіп, 15 000 тг ақшалай сертификатпен марапатталды!


16.01.2025
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Керемет жаңалық!
9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне “Ұстаз” мектебінің оқушылары қатысып, 4 оқушымыз қола медальиеленді:
1.Қанат Ибрагим - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі III орын; 11 - сынып оқушысы.
Жетекшісі: Якупова Маншук Сагидоллиевна
2.Мажитов Бақдаулет - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі III орын; 11 - сынып оқушысы.
Жетекшісі: Якупова Маншук Сагидоллиевна
3.Төлеуіш Арыстанәлі - Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі III орын; 11 - сынып оқушысы.
Жетекшісі: Суйенгалиева Гульмира Сабировна
4.Мұратбай Мансур - Биология пәні бойынша жүлделі III орын; 10- сынып оқушысы.
Жетекшісі: Ғалиматолла Мөлдір Ғалиматоллақызы

20.03.2025
Корей тіліндегі шешендік өнер байқауы
Ақтөбе қаласында өткен Корей тіліндегі шешендік өнер байқауы мен Оңтүстік Корея туралы білім викторинасында “Ұстаз” мектебінің 11 “А” сынып оқушысы Төлеуіш Арыстанәлі жүлделі II орынды иеленді!
Шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз!

03.04.2025
Республикалық “Үздік мектеп парламенті” байқауының облыстық кезеңі
Атырау облысы Білім беру басқармасы “ Таланттарды анықтау және қолдау орталығы” DARYN ATYRAU ұйымдастыруымен “Үздік мектеп парламенті” республикалық байқауының облыстық кезеңіне “ Үздік бастамашы” номинациясы бойынша «Ұстаз» мектебінің “Саналы ұрпақ” командасы марапатталды.
Облыс, аудандардан келген оқушылар арасында сайыс қызу тартысты өтті. Мектептегі өзекті мәселелер бойынша «Парламенттік басқарудың» қыр-сырын оқушылар өздері аша білді. Болашақ ұрпақтың білім кеңістігіндегі өз ара ісі қимылы көпке үлгі болды.


07.04.2025
“ Junior skills-2025” байқауы
2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануына орай “ Junior skills-2025” мектеп оқушыларына арналған чемпионат өтті.
Максаты: 9-10 сыныптың оқушыларына кәсіби бағдар беру бағытында ұстаздық мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, Worldskills талаптарына сай техникалық және жұмсақ дағдыларын дамыту.
Шараны ұйымдастырушылар Аскарова А.К, Мустафина Б.Х чемпионатта “Мен болашақ мұғаліммін” такырыбында портфолио қорғады.Нәтижесінде:
1) “Ұстаз” дарынды ер балаларға арналған мектеп интернатының 10 сынып оқушысы Біржан Мырзалым жүлделі I орынды иеленді.
Жетекшісі: Калуова Сәнім Уапқызы
2) №21 мектептің 9 сынып оқушысы Сисенбек Инабат жүлделі II орынды иеленді.
Жетекшісі: Шимакова Жадыра
3) №8 орта мектептің 9 сынып оқушысы Жумабай Анель жүлделі III орынды иеленді.
Жетекшісі: Бисекешова Асель
“Ұстаз” мектебінің шәкіртін жүлделі I орынымен шын жүректен құттықтаймыз!


09.04.2025
Республикалық “Мағжан оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының оқушылары “Мағжан оқулары” байқауының облыстық кезеңіне қатысты.
”Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Серік Айбат жүлделі III орынмен марапатталды.
”Жасынан оқу оқып, өнер қуған…” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Қазбек Мырзатай Алғыс хатпен марапатталды.
”Өлең-менің шолпаным, айым, күнім” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Мажит Қажымұқан Алғыс хатпен марапатталды.

18.04.2025
Х.Досмұхамедов пәндік олимпиадасы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 11 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өтті. Нәтижесінде:
Информатика пәні бойынша- Сағынғали Айбек II орынды және 50% жеңілдікті иеленді;
Физика пәні бойынша - Рахымғали Нұрсұлтан II орынды және 50% жеңілдікті иеленді;
Физика пәні бойынша - Меңдіхан Абат III орынды және 30% жеңілдікті иеленді;

21.04.2025
“Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі” семинары
9-10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының ұйымдастыруымен өткен “Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі” атты онлайн-семинардан “Ұстаз” мектебінің оқушылары сертификаттар иеленді!

06.05.2025
Республикалық “Ер есімі - ел есінде!” байқауы
Керемет жаңалық!
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай 2024-2025 оқу жылының сәуір айындағы “Абырой” ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық “Ер есімі - ел есінде!” байқауына “Жеңіс жыры” номинациясы бойынша “Ұстаз” мектебінің 10 сынып оқушылары қатысып, Бас жүлдені иеленді!
Жетекшісі: Қалуова Сәнім Уапқызы

14.05.2025
Республикалық “Абай оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Абай оқулары” байқауының облыстық кезеңінде “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 11-сынып оқушысы Қайырбай Қуаныш қатысып, жүлделі III ОРЫНДЫ иеленді!


16.05.2025
“JasSkills-2025” байқауы
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілген мектеп оқушылары арасындағы “JasSkills-2025” облыстық кәсіби шеберлік байқауында “Бастауыш сынып мұғалімі” құзыреттілігі бойынша “Ұстаз” мектебінің 10-сынып оқушысы Тілек Айдын қатысып, жүлделі I ОРЫНДЫ иеленді!

4.06.2025
Дарынды балалар - еліміздің интеллектуалды элитасын қалыптастыратын ұлт болашағы
Керемет жаңалық!
Дарынды оқушыларды марапаттау және ынталандыру мақсатында “Дарынды балалар - еліміздің интеллектуалды элитасын қалыптастыратын ұлт болашағы” тақырыбында салтанатты кездесу өтті.
Іс-шараға халықаралық және республикалық деңгейдегі білім додаларында I орын мен Бас жүлдені иеленген үздік оқушылар шақырылды. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Дарын Дүйсембайұлы озат шәкірттермен жүздесіп, олардың білім жолындағы табыстарын жоғары бағалап, алғыс білдірді.
Кездесуге “Ұстаз” мектебінен 11-сынып оқушысы Мажитов Бақдаулет қатысып, республикалық деңгейдегі өз жетістігін мақтанышпен таныстырды.


