Оқушылар жетістіктері
Оқушылар жетістіктері
17.09.2021
Республикалық XXII «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты
Атырау қаласы «Абай орталығында» облыстық «Таланттарды анықтау мен қолдау» орталығының ұйымдастыруымен республикалық XXII Абай оқуларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша І ОРЫН алған «Ұстаз» мектебінің оқушысы Елеусінов Бекзатқа ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың I Дәрежелі дипломы мен Алтын медалі табыс етілді.
Жетістігі үшін өзі оқыған Исатай орта мектебінің ұстазы- Ғұмарова Ағзия Зұлхарнайқызына алғысымызды білдіреміз.
30.09.2021
Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының 11-сынып оқушылар арасында Жаратылыстану-математика пәндер бойынша Республикалық Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңіне қатысқан дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп -интернатының 11 сынып оқушысы Кереев Алихан Алғыс хатпен марапатталды.
15.10.2021
«Тәуелсіздік тау етер-жалғыз кием!» байқауы
Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқарамасының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тау етер-жалғыз кием!» атты «Эссе жазу» байқауына 11- сынып оқушысы Елеусінов Бекзат қатысып, жүлделі І ОРЫН дипломмен марапатталды!
26.10.2021
Облыстық «Махамбет оқулары» байқауы
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» базасында, жалынды ақын, дулығалы батыр, дауылпаз күйші, жырау Махамбет Өтемісұлының рухани мұрасын, шығармалары мен туындыларын насихаттау, батырлығын дәріптеу мақсатында «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. Нәтижесінде:
“Ұстаз” мектеп - интернатының 11 - сынып шәкірті Елеусинов Бекзат қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
“Ұстаз” мектеп - интернатының 11 - сынып шәкірті Шоханов Ғалымжан Алғыс хатпен марапатталды.
Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!
18.12.2021
XVII Халықаралық өнер байқауы
«Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер» деген дана халық. Екеуін ұштастырған адам биікке қарайды, бәйгеде оза шабады. Талабың таудай болса шығар шың көп, бағындырар белес талай. Сол шыңдарға бір баспалдақ бола алатын «ALASH STAR» XVII Халықаралық өнер байқауы. Көп дарынның өнерінен хабардар болып, өзі де ортада топ жарған, қызығы мен қиындығы қатар жүретін өнер байқауында «Арнау» номинацисы бойынша өнер көрсетіп, ерекше дарынымен алға суырылып шыққан 11 сынып оқушысы Елеусинов Бекзат Қанатұлы БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.
«Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын» - деген халық даналығы. Алтынға теңелген бұл өнер – құдіретті күш, адамның жан серігі рухани байлығы. Қазақтың төл өнері өзінің төл тума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен, шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымының өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту мақсатында «Алаш өнер орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық «ALASH OQULARY» байқауына қатысып, асқан дарынымен көзге түскен оқушымыз Кереев Алихан Мэлсұлы БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.
Бас жүлдеге ие болған екі оқушымыз Нұрсұлтан қаласында өтетін Offline Халықаралық өнер байқауына 50% жеңілдік жолдамасы сертификатына ие болды.
Өз жұмысын жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздың жөні де, жолы да бөлек. Егілген дәннің жемісін көру әр ұстаз үшін үлкен мәртебе. Сондай жетістіктердің бірін XVII Халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауында көре алған, шәкірттерінің үздік екеніне сенім танытып, бар күш жігерін осы жолда сарп еткен жас маманымыз Кенжебайұлы Ернар «Құрмет грамотасына» ие болды.
10.02.2022
«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына Ұстаз мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
- ІІ Дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:
Кереев Әлихан, Мендыгалиев Бек, Елеусинов Бекзат, Сайынұлы Саят, Кетеш Жанарыс, Қарасаев Дархан, Тұмақбай Нұрпейіс.
- ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:
Базарғалиев Бекбол, Салауатов Нұриман, Есенжан Мақжан, Жомарт Диас, Реймбаев Қанатбек.
Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!
28.03.2022
«Халел GRAND CUP» пікірсайыс турнирі
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Атырау облысындағы Жалпы білім беру мекемелерінің 11 сынып оқушылары арасында 26-27 наурыз аралығында облыстық «Халел GRAND CUP» пікірсайыс турниріне "Ұстаз" мектебінің 11 сынып оқушылары Кереев Әлихан мен Аманжан қатысып, ІІІ орынды иеленiп, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жылдық оқу ақысына 30% жеңілдік алды.
Шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
30.03.2022
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне "Ұстаз" мектеп-интернатының 10-11 сынып оқушыларынан 22 шәкіртіміз бақ сынады. Оның 11-i жаратылыстану - математикалық бағыттағы, 11-i қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндерге қатысқан.Білім бәсекесінiң нәтижесінде:
-Физика пәні бойынша 11 сынып оқушылары, Сайынұлы Саят II дәрежелі, Қуаныш Бексұлтан III дәрежелі дипломмен марапатталды!
-Биология пәні бойынша 10 сынып оқушысы Дузелбаев Расулбек III дәрежелі дипломмен марапатталды!
-География пәні бойынша 11 сынып оқушысы Нұрлығайнов Думан III дәрежелі дипломмен марапатталды!
-Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11 сынып оқушысы Елеусінов Бекзат III дәрежелі дипломмен марапатталды!
-Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11 сынып оқушылары Жомарт Диас II дәрежелі, Айыпов Нұрболат III дәрежелі дипломмен марапатталды!
-Ағылшын тілі пәні бойынша 11 сынып оқушысы Беркiнбаев Наурызбек III дәрежелі дипломмен марапатталды!
-Қазақстан тарихы пәні бойынша 10 сынып оқушысы Егiзбай Әлішер II дәрежелі дипломмен марапатталды!
-Құқық негіздері пәні бойынша 11 сынып оқушысы Нұрлығайнов Дастан III дәрежелі дипломмен марапатталды!
Бұл ұстаздардың талмас еңбегі.Жалпы пәндік олимпиаданың республикалық кезеңiне мектебімізден 4 оқушы жолдама алып отыр. Облыс намысын қорғайтын жас өрендерге сәттілік.
24.04.2022
Облыстық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында өткізілген республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңінде “Көкірегімде жыр сәулесі мазлайды” бағыты бойынша мектебіміздің мақтанышы 11 сынып оқушысы Елеусінов Бекзат III орынды иеленді. Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!
06.12.2022
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңі
Атырау облысы Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Ақберен» шығармашыл оқушылар арасында республикалық өнер байқауының облыстық кезеңіне «Ұстаз» мектебінен талантты,өнерлі 5 оқушы қатысты.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша III ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен 10 - сынып оқушысы Қаятов Нұрислам және Алғыс хатпен 11- сынып оқушысы Бақыт Ильяс марапатталды!

11.03.2023
«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі
«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне “Ұстаз “ мектебінің шәкірттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
АЛҒЫС ХАТ :
Мақсот Айназар ( 10 «б» сыныбы)
Мұхамбетқали Бақберген ( 10 «б» сыныбы)
III ОРЫН:
Исаш Бексұлтан ( 10 «а» сыныбы)
Дәуренұлы Нұрасыл ( 10 «а» сыныбы)
Маркс Ержан ( 10 «б» сыныбы)
I ОРЫН:
Каятов Нұрислам ( 10 «а» сыныбы)
Жетекшілері: математика пәні мұғалімі Гүлшара Дайынқызы
Жеңімпаздар “Зерделі” ақыл ой мектебінің 20–30-50% жеңілдіктеріне ие болды!
”Ұстаз” мектебінің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!

30.03.2023
“Абайтану” олимпиадасының облыстық кезеңі
Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Абайтану” олимпиадасының облыстық кезеңіне “Ұстаз” мектебінің 10-сынып оқушысы Айжарық Нұрсұлтан қатысып, “Алғыс хатпен”марапатталды!
”Ұстаз” мектебінің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!
20.04.2023
“Қадыр оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Қадыр оқулары” байқауының облыстық кезеңінде “Өлең жаздым, тоғыз тарау, жеті өрім” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің шәкірті Кәрім Сұлтан қатысып (10 сынып) , “Алғыс хатпен” марапатталды.
Шәкіртімізді жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

27.04.2023
«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі
Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында өткен «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне мектебіміздің 10 - 11 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындармен марапатталды!
“ Сөз шеберлері “ бағыты бойынша 10 “б” сынып оқушысы Өмірзақ Жігер II орын;
“ Жас қаламгер “ бағыты бойынша 10 “ а” сынып оқушысы Исаш Бексұлтан ІІІ орын.

04.05.2023
“Абай оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен “Абай оқулары” байқауының облыстық кезеңіне «Ұстаз» мектебінің шәкірттері қатысып, “Ұлылар әлемі” бағыты бойынша Төлеген Серім (11 сынып) ІІІ орынмен және “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” бағытында Бақыт Ілияс ( 11 сынып) “Алғыс хатпен” марапатталды.
👩🏻🏫Жетекшілері: Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Якупова Мәншүк Сағидоллақызы
💐”Ұстаз” мектебінің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!
13.05.2023
Республикалық “Мәшhүр-Жүсіп оқулары” байқауы
Керемет жаңалық!
Павлодар қаласында өткен Республикалық “Мәшhүр-Жүсіп оқулары” байқауынан «Білімді зерек адам болам!» десең, “Қара өзіңді басқаның айнасымен” бағыты бойынша
🏆Бас жүлдені “ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті” КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп- интернатының 10 - сынып шәкірті Исаш Бексұлтан иеленді!
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Якупова Мәншүк Сағидоллақызы
Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!

19.05.2023
“Жұмекен Нәжімеденов оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беру ұйымдарының 8- 11 сынып оқушылары арасында өткен “Жұмекен Нәжімеденов оқулары” байқауының облыстық кезеңінде Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу бағыты бойынша қатысып, “Ұстаз” мектебінің шәкірті Төлеген Серім (11 сынып) жүлделі III дәрежелі орынмен марапатталды.
Шәкіртімізді жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
30.05.2023
Республикалық жүлдегерлерді марапаттау шарасы
Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиаданың II орын жүлдегері, Республикалық олимпиаданың III орын жүлдегері, “Ұстаз” мектеп интернатының 10 сынып шәкірті Мажит Рашид дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды!

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
27.09.2023
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беретін ұйымның шығармашыл оқушылары арасындағы “Ақберен” республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі болып өтті.
«Эссе жазу» бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп интернатының 11 - сынып шәкірті Исаш Бексұлтан I ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!
“Көркемсөз оқу” бағыты бойынша 11 - сынып шәкірті Каятов Нурислам II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!
“Ұлттық аспапта өнер көрсету” бағыты бойынша 11 - сынып шәкірті Жаңғабыл Мадияр II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!
«Шешендік, білгірлік сайысы» бағыты бойынша 11 - сынып шәкірті Мұхамбетқали Бақберген III ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!
«Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша 10 - сынып шәкірті Қайырбай Қуаныш Алғыс хатпен марапатталды!
” Ұстаз “ мектебінің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз!
03.10.2023
Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі
С.Өтебаев атынданы Атырау мұнай және газ университеті базасында 11(12) - сынып оқушыларына арналған жаратылыстану- математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті. Президенттік олимпиадаға, “Ұстаз” мектеп интернатының 11 - сынып шәкірті Мақсот Айназар қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталып, келесі кезеңге жолдама алды!
Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтай отырып, келесі кезеңге сәттілік тілейміз!
16.10.2023
Республикалық «Менің шағын Отаным» интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі
Таланттарды анықтау және қолдау орталығының базасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі өтті.
«Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы - нысан макетін презентация түрін жасау бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 10 - сынып шәкірті Бекижан Фархад қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
«Шағын Отанымның символы» номинациясы - автордың өзінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 10 - сынып шәкірті Жұбан Кемел қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
«Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу бойынша “Ұстаз” мектеп интернатының 10 - сынып шәкірті Қайырбай Қуаныш және «Менің туған өлкем» номинациясы - туған жері, өз қаласы/ауылы туралы эссе жазу бойынша “Ұстаз” мектеп интернатының 10 - сынып шәкірті Оңғали Әли қатысып, өз бақтарын сынады.
Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!
20.10.2023
Облыстық «Колизей кубогы» кіші аяқ доп жарысы
25-қазан Республика күні мерекесіне орай КМҚК Атырау көлік және коммуникация колледжінің әлеуметтік серіктесі “Колизей” ЖШС - нің бас директоры Андрей Александрович Короблёвтың демеушілігімен студенттерге арнап салынған спорт алаңының ашылу салтанатына арналған «Колизей кубогы» облыстық студенттер арасында кіші аяқ доп жарысына қатысып, “Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті” КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының командасы III ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
02.11.2023
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі
Таланттарды анықтау және қолдау орталығының базасында, Жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
«Ұлы арман» - бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 11 - сынып шәкірті Мұрат Нарбек қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер…» - бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 10 - сынып шәкірті Жанғалиев Ердос қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
«Ел құтқарар ер едім…» - бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 11 - сынып шәкірті Мухамбетқали Бақберген қатысып, III ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
«Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 - сынып шәкірті Жанғабыл Мадияр Алғыс хатпен марапатталды.
«Тартынбай сөйлер асылмын…» бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 10 - сынып шәкірті Кайырбай Қуаныш қатысып, өз бағын сынады.
Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!
28.11.2023
Республикалық Лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңі
“Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының ұйымдастыруымен Республикалық Лингвистика іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Нәтижесінде 11 - сынып оқушысы Жанәліұлы Аят Алғыс хатпен марапатталды.
Жетекшісі: Сүйенгалиева Гульмира Сабировна
Оқушымызды жетістігімен құттықтаймыз!
12.01.2024
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Керемет жаңалық!
9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде “Ұстаз” мектебінен 35 оқушы қатысып, нәтижесінде 3 оқушы күміс медаль, 2 оқушы қола медаль және 5 оқушы Алғыс хат иеленді:
1.Мажит Рашид - Қазақстан тарихы пәні бойынша II орын, 11 - сынып оқушысы.
Жетекшісі: Ғайноллаев Қ
2. Құлжан Өркен - Орыс тілі пәні бойынша II орын, 11- сынып оқушысы
Жетекшісі: Суйенгалиева Гульмира Сабировна
3. Тулегенов Ислам- Орыс тілі пәні бойынша II орын, 10 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Суйенгалиева Гульмира Сабировна
4. Исаш Бексұлтан - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша III орын, 11- сынып оқушысы
Жетекшісі: Якупова Маншук Сагидоллиевна
5.Жанәліұлы Аят - Орыс тілі пәні бойынша III орын, 11- сынып оқушысы
Жетекшісі: Суйенгалиева Гульмира Сабировна
6.Сәлімгерей Сәттібек - Қазақстан тарихы пәні бойынша Алғыс хат, 11 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Ғайноллаев Қуандық Зейноллаұлы
7.Кәрім Сұлтан - география пәні бойынша Алғыс хат, 11 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Аблайсова Салтанат Камидуллаевна
8.Мақсот Айназар - химия пәні бойынша Алғыс хат, 11 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Ғалиматолла Мөлдір Ғалиматоллақызы
9.Қадыржан Эльдар - информатика пәні бойынша Алғыс хат, 11 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Айжарықова Фаризат Бейсенбаевна
10.Жоламан Медет- география пәні бойынша Алғыс хат, 10 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Аблайсова Салтанат Камидуллаевна
Жүлдегерлерді және жетекшілерін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
23.01.2024
Облыстық “Жыр алыбы- Жамбыл” жас ақындар айтысы
Жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Жыр алыбы- Жамбыл” жас ақындар айтысының облыстық кезеңінде “Қайым айтыс” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 10 сынып оқушысы Айболат Айбек жүлделі II дәрежелі орынды иеленді.
Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!
31.01.2024
Республикалық “Мұқағали оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Мұқағали оқулары” байқауының облыстық кезеңінде “Көкірегімде жыр сәулесі маздайды….” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 10 сынып оқушысы Рахымғали Нұрсұлтан Алғыс хат иеленді.
Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!
15.02.2024
Республикалық «Мәшһүр -Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп интернатының оқушылары Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Мәшһүр -Жүсіп оқулары” байқауының облыстық кезеңінде бақ сынады. Нәтижесінде:
-”Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлем бақтым мен де білген” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 11-сынып оқушысы Мухамбеткали Бақберген жүлделі II ОРЫНМЕН марапатталды;
-”Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және “Ұлы даланың ұлы есімдері” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 10- сынып оқушысы Рахымғали Нұрсұлтан жүлделі II ОРЫНМЕНмарапатталды;
-“Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 10-сынып оқушысы Жангалиев Ердос жүлделі III ОРЫНМЕН марапатталды;
-“Білімді зерек адам болам!” - десең Қара өзіңді басқаның айнасымен” бағыты бойынша қатысқаны үшін “Ұстаз” мектебінің 10-сынып оқушысы Қанат Ибрагим Алғыс хатпен марапатталды.
Оқушыларды және жетекшілері Мәншүк Сағидоллақызын шын жүректен құттықтаймыз!
2.04.2024 Пәндік олимпиада 2024
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 11 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өтті. Нәтижесінде:
Орыс тілі пәні бойынша - “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 сынып оқушылары, Қайырлы Балғынбек ІІІ орын, Ералыұлы Әзімхан Алғыс хат иеленді;
Физика пәні бойынша - “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Сәндібекұлы Ерасыл ІІІ орынды иеленді;
Информатика пәні бойынша - “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 сынып оқушылары, Жанәліұлы Аят ІІІ орын, Сырымбек Есбол ІІІ орын, Теміржан Мерей ІІІ орын, Тілек Нұрасыл Алғыс хат иеленді.
Жеңімпаздарға ақылы бөлімге арналған 30% жеңілдіктер табысталды.
”Ұстаз” мектеп-интернаты шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!
30.04.2024 Республикалық пәндер олимпиадасы
14-18 сәуір аралығында Өскемен қаласында Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндерінен республикалық олимпиада өтті. Оған Атырау облысынан 8 оқушы қатынасып, жүлделі орындар алды.
Қазақстан тарихы пәнінен:
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Мажит Рашид ІІ ОРЫНМЕН марапатталды.
Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Ғайноллаев Қуандық Зиноллаұлы
Мектебіміздің шәкірті мен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!
30.05.2024 «Дарындыға даңғыл жол» марапаттау шарасы
Бүгін Республикалық пәндер олимпиадасы мен конкурстардың жүлдегерлерін марапаттау шарасы өтті.
Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиаданың II орын жүлдегері, Республикалық олимпиаданың II орын жүлдегері, “Ұстаз” мектеп интернатының 11- сынып оқушысы Мажит Рашид дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды!
Республикалық Махамбет оқуларының III орын жүлдегері, облыстық сайыстарда топ жарып жүрген “Ұстаз” мектеп интернатының 10-сынып оқушысы Айболат Айбек дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды!
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
19.06.2024 “Білгенге маржан” кітап оқу сайысы
Атырау облысына қарасты мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған “Білгенге маржан” кітап оқу сайысында Берқайыр Аманшинның “Махамбеттің тағдыры” тарихи романын оқып, өзінің кітапқа деген қызығушылығын, ізденімпаздығы мен еңбекқорлығын, білімге деген талпынысын көрсетіп, тестілеу нәтижесінде 1090 қатысушы арасында жоғары ұпай жинап, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының 10 - сынып оқушысы Жоламан Медет жүлделі III дәрежелі орынды иеленіп, 50 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды!
Үздік 15 оқушының қатарынан «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының 10 - сынып оқушылары Қанат Ибрагим, Рахымғали Нұрсұлтан табылды.
Атырау облыстық Білім беру басқармасымен ұйымдастырылған “Дарын” телесайысына қатысып, үздік 32 оқушының қатарынан «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының 11 - сынып оқушысы Мақсот Айназар табылды.
Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!
20.09.2024 “Махамбет оқулары” байқауының облыстық кезеңі
”Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Махамбет оқулары” байқауының облыстық кезеңінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының оқушылары жетістікке жетті!
”Біз неткен ер, неткен ер Сергелдеңмен өткен ер” “ “Хандар мен ел билеушілер”, “Батырлар” тақырыбының бірін қорғау” бағыты бойынша” Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының 11-сынып оқушысы Мажитов Бақдаулет жүлделі I ОРЫНДЫ иеленді!
”Тартынбай сөйлер асылмын…” - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының 10-сынып оқушысы Серік Айбат қатысып, Алғыс хат иеленді!
”Ұлы арман- Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу” бағыты бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының 10-сынып оқушысы Култумиев Оразбек қатысып, Алғыс хат иеленді!
”Ұстаз” мектебінің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз!
4.10.2024
Республикалық “Махамбет оқулары” байқауы
Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық “Махамбет оқулары” байқауына “Біз неткер ер, неткен ер , сергелдеңмен өткен ер” бағыты бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Мажитов Бақдаулет қатысып, I ОРЫН иеленді!
Жетекшісі: Якупова Маншук Сагидоллиевна
Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!

9.10.2024
Облыстық “Фариза оқулары” байқауы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының оқушылары жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушыларының арасында өткен облыстық “Фариза оқулары” байқауына қатысты.
”Жырым қалсын жанымның ұшқынындай” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Мұратбай Мансур II орынмен марапатталды.
”Фариза шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Тілек Айдын Алғыс хатпен марапатталды.
”Өлең, мен сені аялап өтем…” бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Қайырбай Қуаныш Алғыс хатпен марапатталды.

16.10.2024
Республикалық “Менің шағын Отаным” интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының оқушылары жас тарихшылардың республикалық “Менің шағын Отаным” интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңіне қатысты.
”Менің шағын Отанымның болашағы” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Жайлханұлы Әбілмансұр Алғыс хатпен марапатталды.
”Менің шағын Отанымның символы” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Жолдас Әлішер Алғыс хатпен марапатталды.
”Менің шағын Отанымның тарихы” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Атшыбай Жасын Алғыс хатпен марапатталды.
”Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Ақниетұлы Исмаил Алғыс хатпен марапатталды.

17.10.2024
XVII Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі
Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі қорытыланды.
17 қазан күні 11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Әзілханұлы Оралжан Алғыс хатпен марапатталды.

20.10.2024
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беретін ұйымның шығармашыл оқушылары арасындағы “Ақберен” республикалық өнер байқауының облыстық кезеңіне “Ақындар мүшәйрасы” номинациясы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Айболат Айбек қатысып, жүлделі I ДӘРЕЖЕЛІ орынды иеленді!


13.11.2024
“Меңдекеш Сатыбалдиев оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының оқушылары “Меңдекеш Сатыбалдиев оқулары” байқауының облыстық кезеңіне қатысты.
”Меңдекеш Сатыбалдиевтің прозалық шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу ” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Махсот Мейіржан жүлделі II орынмен марапатталды.
10-сынып оқушылары Сапарбай Бекет және Махуов Нурмухаммед сертификат иеленді.

28.11.2024
Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне қатысты.Нәтижесінде:
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Тулегенов Ислам орыс тілі пәнінен қатысып, II ОРЫН иеленді!
Жетекшісі: Суйенгалиева Гульмира Сабировна
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Даут Нурсат тарих пәнінен қатысып, III ОРЫН иеленді!
Жетекшісі: Ғайноллаев Қуандық Зейноллаұлы

13.12.2024
“Жырым қалсын жанымның ұшқынындай” атты байқау
Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай оқушылар мен студенттер арасында ұйымдастырылған “Жырым қалсын жанымның ұшқынындай” атты байқауға “Ұстаз” мектебінің оқушылары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
“Ән барады айналып гүл даланы” номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Қайырбай Қуаныш жүлделі I орынды иеленіп, 30 000 тг ақшалай сертификатпен марапатталды!
”Өлең, мен сені аялап өтем” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Мұратбай Мансур жүлделі III орынды иеленіп, 15 000 тг ақшалай сертификатпен марапатталды!


16.01.2025
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Керемет жаңалық!
9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне “Ұстаз” мектебінің оқушылары қатысып, 4 оқушымыз қола медальиеленді:
1.Қанат Ибрагим - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі III орын; 11 - сынып оқушысы.
Жетекшісі: Якупова Маншук Сагидоллиевна
2.Мажитов Бақдаулет - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі III орын; 11 - сынып оқушысы.
Жетекшісі: Якупова Маншук Сагидоллиевна
3.Төлеуіш Арыстанәлі - Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі III орын; 11 - сынып оқушысы.
Жетекшісі: Суйенгалиева Гульмира Сабировна
4.Мұратбай Мансур - Биология пәні бойынша жүлделі III орын; 10- сынып оқушысы.
Жетекшісі: Ғалиматолла Мөлдір Ғалиматоллақызы

20.03.2025
Корей тіліндегі шешендік өнер байқауы
Ақтөбе қаласында өткен Корей тіліндегі шешендік өнер байқауы мен Оңтүстік Корея туралы білім викторинасында “Ұстаз” мектебінің 11 “А” сынып оқушысы Төлеуіш Арыстанәлі жүлделі II орынды иеленді!
Шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз!

03.04.2025
Республикалық “Үздік мектеп парламенті” байқауының облыстық кезеңі
Атырау облысы Білім беру басқармасы “ Таланттарды анықтау және қолдау орталығы” DARYN ATYRAU ұйымдастыруымен “Үздік мектеп парламенті” республикалық байқауының облыстық кезеңіне “ Үздік бастамашы” номинациясы бойынша «Ұстаз» мектебінің “Саналы ұрпақ” командасы марапатталды.
Облыс, аудандардан келген оқушылар арасында сайыс қызу тартысты өтті. Мектептегі өзекті мәселелер бойынша «Парламенттік басқарудың» қыр-сырын оқушылар өздері аша білді. Болашақ ұрпақтың білім кеңістігіндегі өз ара ісі қимылы көпке үлгі болды.


07.04.2025
“ Junior skills-2025” байқауы
2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануына орай “ Junior skills-2025” мектеп оқушыларына арналған чемпионат өтті.
Максаты: 9-10 сыныптың оқушыларына кәсіби бағдар беру бағытында ұстаздық мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, Worldskills талаптарына сай техникалық және жұмсақ дағдыларын дамыту.
Шараны ұйымдастырушылар Аскарова А.К, Мустафина Б.Х чемпионатта “Мен болашақ мұғаліммін” такырыбында портфолио қорғады.Нәтижесінде:
1) “Ұстаз” дарынды ер балаларға арналған мектеп интернатының 10 сынып оқушысы Біржан Мырзалым жүлделі I орынды иеленді.
Жетекшісі: Калуова Сәнім Уапқызы
2) №21 мектептің 9 сынып оқушысы Сисенбек Инабат жүлделі II орынды иеленді.
Жетекшісі: Шимакова Жадыра
3) №8 орта мектептің 9 сынып оқушысы Жумабай Анель жүлделі III орынды иеленді.
Жетекшісі: Бисекешова Асель
“Ұстаз” мектебінің шәкіртін жүлделі I орынымен шын жүректен құттықтаймыз!


09.04.2025
Республикалық “Мағжан оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының оқушылары “Мағжан оқулары” байқауының облыстық кезеңіне қатысты.
”Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Серік Айбат жүлделі III орынмен марапатталды.
”Жасынан оқу оқып, өнер қуған…” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Қазбек Мырзатай Алғыс хатпен марапатталды.
”Өлең-менің шолпаным, айым, күнім” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Мажит Қажымұқан Алғыс хатпен марапатталды.

18.04.2025
Х.Досмұхамедов пәндік олимпиадасы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 11 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өтті. Нәтижесінде:
Информатика пәні бойынша- Сағынғали Айбек II орынды және 50% жеңілдікті иеленді;
Физика пәні бойынша - Рахымғали Нұрсұлтан II орынды және 50% жеңілдікті иеленді;
Физика пәні бойынша - Меңдіхан Абат III орынды және 30% жеңілдікті иеленді;

21.04.2025
“Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі” семинары
9-10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының ұйымдастыруымен өткен “Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі” атты онлайн-семинардан “Ұстаз” мектебінің оқушылары сертификаттар иеленді!

06.05.2025
Республикалық “Ер есімі - ел есінде!” байқауы
Керемет жаңалық!
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай 2024-2025 оқу жылының сәуір айындағы “Абырой” ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық “Ер есімі - ел есінде!” байқауына “Жеңіс жыры” номинациясы бойынша “Ұстаз” мектебінің 10 сынып оқушылары қатысып, Бас жүлдені иеленді!
Жетекшісі: Қалуова Сәнім Уапқызы

14.05.2025
Республикалық “Абай оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Абай оқулары” байқауының облыстық кезеңінде “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 11-сынып оқушысы Қайырбай Қуаныш қатысып, жүлделі III ОРЫНДЫ иеленді!


16.05.2025
“JasSkills-2025” байқауы
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілген мектеп оқушылары арасындағы “JasSkills-2025” облыстық кәсіби шеберлік байқауында “Бастауыш сынып мұғалімі” құзыреттілігі бойынша “Ұстаз” мектебінің 10-сынып оқушысы Тілек Айдын қатысып, жүлделі I ОРЫНДЫ иеленді!

4.06.2025
Дарынды балалар - еліміздің интеллектуалды элитасын қалыптастыратын ұлт болашағы
Керемет жаңалық!
Дарынды оқушыларды марапаттау және ынталандыру мақсатында “Дарынды балалар - еліміздің интеллектуалды элитасын қалыптастыратын ұлт болашағы” тақырыбында салтанатты кездесу өтті.
Іс-шараға халықаралық және республикалық деңгейдегі білім додаларында I орын мен Бас жүлдені иеленген үздік оқушылар шақырылды. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Дарын Дүйсембайұлы озат шәкірттермен жүздесіп, олардың білім жолындағы табыстарын жоғары бағалап, алғыс білдірді.
Кездесуге “Ұстаз” мектебінен 11-сынып оқушысы Мажитов Бақдаулет қатысып, республикалық деңгейдегі өз жетістігін мақтанышпен таныстырды.


