Оқу-әдістемелік кеңес

Оқу-әдістемелік кеңес

Оқу – әдістемелік кеңесінің негізгі мақсаты: білім беру қызметтерінің сапасын тұрақты өсімін қамтамасыз ету; озық жүйелерді, технологияларды, оқыту әдістерін және әкімшілік қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру  арқылы заманауи деңгейдегі білім беру процесін ұйымдастыру. Алға қойған мақсаттарға жетуде келесі міндеттерді жүзеге асыруы қажет:

  • оқу үдерісі сапасының әдістемелік қамтамасыздандыру мониторингін ұйымдастыру;

  • оқу – әдістемелік әдебиеттер, оқулықтар мен университет баспасының жарияланған басқа да материалдарды жариялау үшін жоспарлау, сараптама ұйымдастыру және ұсыныс беру;

  • университеттегі білім беру үрдісін жетілдіру және әдістемелік қызмет көрсету;

  • оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіруде және ұйымдастыруда озық жетістіктерді тарату және енгізу;

  • сапа менеджмент жүйесі мен білім беру үрдісінде оқу-әдістемелік материалдар нәтижелерін енгізу дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау;

  • қолданыстағы технологияларды, әдістері, университетте оқыту құралдарды жетілдіру және жаңасын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  • профессор–оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру мақсатында жұмыстарды үйлестіру;

  • білім беру қызметкерлерінің атестаттауына қатысу;

Жұмыс бағыты

Оқу әдістемелік кеңес құрамында келесі Комиссиялар жұмыс істейді:

  • Білім беру бағдарламаларының сапасын тексеру;

  • Бағалау мен оқыту әдістері қадағалау;

  • Оқу-әдістемелік шығарымдар;

  • Білім беруді, ғылымды және бизнесті интеграциялау;

  • Білім алушылардың контингентін қалыптастыру.

Құрамы

ОӘК төрағасы қызметін Төраға – оқу – ісі жөніндегі проректор жүзеге асырады.

ОӘК құрамы факультеті кафедраларының, сайланады мүшелері, оқу бөлімшелерінің басшылары, оқу - әдістемелік жұмыстарды атқаратын білім бөлімдерінің бастықтары және жоғары білім берудің педагогикасы мен жоғары білім әдістемесі бар өзге университет қызметкерлері. Тізім тіркелген

Жұмыс жоспары
Оқу-әдістемелік кеңесінің құрамы
Әдістемелік он күндік
Форум материалы
Мәжілістің хаттамасы 2021
Академический комитет

Білім бағдарламасының академиялық сапасын арттыру және дамуын қамтамасыз ету офисі

Білім беру бағдарламасының академиялық сапасын арттыру және дамуын қамтамасыз етудегі кеңсенің міндеттері:
- университетте ББ-нің іске асырылуына мониторинг жасау;
- білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және бекіту бойынша ішкі нормативтік құжаттаманы әзірлеу;
- университеттің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырғанда білім беру қызметін жүргізу құқығын беретін мемлекеттік лицензияға, ҚР МЖМБС және университет ректоры бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау және үйлестіру;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кафедраларға кәсіптік стандарттарға және жұмыс берушілердің ұсыныстарына сәйкес әдістемелік көмек көрсету, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру;
- білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген, МЖМБС және ұлттық біліктілік шеңбері мен білім беру саласындағы салалық біліктілік шеңберін ескере отырып әзірленген білім беру бағдарламаларының сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
- ҚР БҒМ ББ іске асыру бойынша ақпараттық-есептік ақпаратты ұсыну;
- оқу процесін жоспарлау сапасына және нормативтік талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу;
- оқу процесін жетілдіру және білім беру қызметінің сапасын арттыру;
- кадрларды даярлау бағыттары бойынша академиялық кеңестердің қызметін ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету.
Академиялық сапаны қамтамасыз ету, арттыру және білім беру бағдарламаларын дамытудағы Кеңсенің қызметтері:
1. оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына және бекітілген университетішілік нормативтік құжаттарға сәйкес жоспарлайды;
2. білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі ережені әзірлейді;
3. білім беру бағдарламаларын қалыптастыруда кафедраларға әдістемелік көмек көрсетеді;
4. университеттің барлық ББ бойынша элективті пәндер каталогын келісім алу және бекітуге дайындау бойынша; жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу және бекітуге дайындау бойынша; оқыту нысандары мен курстары бойынша академиялық күнтізбенің жобаларын және оқу жылына арналған оқу процесінің кестелерін жасау және бекіту бойынша жұмысты үйлестіреді; кафедраларда оқу құжаттамасының болуын тексеру: жұмыс оқу бағдарламалары (Syllabus), пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, әдістемелік нұсқаулар және т. б., сондай-ақ курстық жобаларды (жұмыстарды), оқу құралдарын ресімдеу және орындау бойынша, тізбеде оқытушылардың оқу-әдістемелік құжаттамаларды "Platonus" автоматтандырылған жүйесінде орналастыруын талдау жасау;
5. кадрларды даярлау бағыттары бойынша академиялық кеңестердің жұмысын бақылайды;
6. университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы дайындаған оқу және оқу-әдістемелік әдебиетті басып шығару жоспарының іске асырылуын бақылайды;
7. университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемесінің уақытын есептеу нормаларын, оқу жүктемесінің көлемі мен штатын айқындайды, бекітуге ұсынады, сағат есебін және кафедра бойынша оқу жүктемесінің бөлінуін талдайды;
8. оқыту жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
9. оқу процесіне қатысты ішкі нормативтік-әдістемелік құжаттаманы жақсарту бойынша жұмыс жүргізеді;
10. ғылыми кеңес, ректорат үшін қаралатын мәселелер бойынша анықтамалар мен ақпараттар дайындайды;
11. ҚР БҒМ сұраныстары мен хаттары бойынша ақпарат ұсынады.