Media resources
РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ АҒЫЛЫШН, ИСПАН ТІЛДЕРІНЕ АУДАРЫЛАДЫ
News

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ АҒЫЛЫШН, ИСПАН ТІЛДЕРІНЕ АУДАРЫЛАДЫ

 

 Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың 70 жылдығына арналған «Рахымжан Отарбаев мұрасы: ұлттық әдебиет, тарихи сана және рухани сабақтастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жинға онлайн қатысып пікір білдірген Индиана университетінің ғалымы, аудармашы Шелли Файервазер-Вега мен Валенсия университетінің зерттеушісі Тинка Гарденги қазақ жазушысының  шығармаларымен танысып, шет тілдеріне аударып жатқандықтарын жеткізді. 

 Шелли Файервазер – Вега, аудармашы, Индиана университетінің ғалымы: 

- Дәл қазір мен Рахымжан Отарбаевтың «Бас» романын қазақ тілінен ағылшын тіліне аударып жатырмын.  ​«Бас» — Қазақстанның аса маңызды қаламгерлерінің бірінің қызықты романы. Отарбаев өте өнімді жұмыс істеген автор: ол кеш кеңестік кезеңде де, посткезеңде де көптеген әңгімелер, романдар мен пьесалар жазған.  ​Біз ағылшын тіліне көбінесе The Skull («Бас сүйек») деп аударып жатқан оның «Бас» романы — бұл сатиралық шығарма. Бұл оқиға ұлы қазақ ақыны әрі жауынгері Махамбеттің кесілген басын тауып алған жас қазақ археологі Ернест туралы баяндайды. Археолог Махамбеттің бас сүйегі арқылы ел ішінде қазақтың әдеби мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықты қайта жандандырғысы келеді, бірақ үлкен кедергілерге тап болады.  ​Біздің құлшынысы толы археологымыз ұлы ақынның бас сүйегін қабылдайтын бірде-бір мұражайды, институтты немесе университетті таба алмайды. Қанша әрекет етсе де, барлық әкімшілер, шенеуніктер мен декандар кабинеттерінде бас сүйектің болатынына жиренішпен қарап, бұл іске мүлде араласқысы келмейді.  
​Отарбаевтың бұл романы, әрине, ұлттық сипатқа өте бай: онда қазақ кейіпкерлері мен қазақ тарихына, шынайы және ойдан шығарылған батырларға қатысты сілтемелер өте көп. Аудармашы ретіндегі менің міндетім — Қазақстаннан тыс жердегі оқырмандардың да бұл романды терең түсініп, ондағы жалпыадамзаттық құндылықтарды көре алуын, тарихты, тілді немесе мәдени ерекшеліктерді жақсы білмесе де, басты тақырыптарды ұға алуын қамтамасыз ету.  
​Аударманың сиқыры да осында — шекараларды осылайша жоя білуде.  
​Батыс оқырмандары Отарбаевтың «Бас сүйек» романын жоғары бағалайды деп сенемін. Шығармада бюрократия мәселелері, шенеуніктер жүйесінің абсурдтығы сияқты әмбебап тақырыптар қозғалған. Билік пен ақшаның, ықпалдың адамдарды теріс жолға түсіріп, өмір мен мәдениеттегі маңызды нәрселерді ұмыттыратыны, өз елдері мен халқының мүддесін құрбан етіп, тек жеке мүддені көздеуі ашып көрсетілген.  
​Сонымен қатар, Отарбаев қазақтар үшін бүгінде өте өзекті бола түскен тақырыпты — олардың Солтүстік Американың жергілікті халықтарымен рухани байланысын шебер жеткізеді. Романдағы археолог бір сәтте Солтүстік Америкаға экспедицияға барып, аты аңызға айналған Геронимоның шөпшегімін дейтін апачи гидімен кездеседі.  
​Қазақтар мен апачилер өздерінің батыр ата-бабалары, өткен тарихы және жиырма бірінші ғасырда осы мұраның Евразияда да, Солтүстік Америкада да отаршыл державалар тарапынан қалай жұтылып, бақылауға алынып немесе елеусіз қалғаны туралы әңгімелеседі.  ​Оқырмандардың Отарбаевтың шығармашылығымен танысатын сәтін асыға күтемін. Аудармам қаңтар айы шамасында дайын болады, содан кейін біз бұл кітапқа баспа іздеуді бастаймыз. 

Аударған: :Исимова Назерке Утепбергенқызы 

 

Тинка Гарденги, аудармашы, Валенсия университетінің зерттеушісі: 

Меня зовут Тинка Гарденги. Я из Испании, и для меня огромная честь сказать несколько слов о творчестве Рахымжана Отарбаева в год его 70-летнего юбилея.

В настоящее время я живу в Испании и исследую литературу Центральной Азии, в особенности творчество Чингиза Айтматова из Кыргызстана. Именно поэтому, читая произведения Отарбаева, я была особенно поражена тем, как он работает с темами памяти, истории и даже идентичности.

Недавно я прочитала его шедевр, роман «И был я подобием твоим» (Мен де сендей болғанмын), который произвел на меня сильнейшее впечатление. В центре сюжета — ученый, пытающийся реконструировать облик Махамбета. Но этот поиск постепенно перерастает в нечто гораздо более глубокое: в поиск исторической памяти и связи между живыми и теми, кто ушел до нас.

Именно здесь я вижу очень интересную параллель и сходство с произведениями Чингиза Айтматова. Для обоих писателей память — это не просто воспоминания о прошлом. Это часть того, кем мы являемся, часть нашей идентичности. Прошлое продолжает говорить с настоящим и заставляет нас задуматься: что происходит с обществом, когда оно теряет связь со своей собственной историей?

Вот почему я так восхищаюсь творчеством Отарбаева. Я восхищаюсь его способностью, отталкиваясь от сугубо казахской истории и культуры, выходить на универсальные, общечеловеческие вопросы.

Я искренне надеюсь, что его произведения вскоре станут доступны на испанском, а затем и на других европейских языках, таких как итальянский, португальский, английский и немецкий. Я действительно верю, что европейским читателям еще только предстоит открыть для себя этого замечательного казахского автора.  

Аударған: : Исламова Асия Болатқызы