Экономикалық зерттеулер және бизнес ғылыми мектебі
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
«Экономика» кафедрасының э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р. Қ.Сабированың жетекшілігіндегі
“Кәсіпкерлік және еңбек нарығы теориясы”
І. Мақсаты:
- Жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттыру;
- Еңбек нарығында жұмыс күшін арттыру және еңбек ұтқырлығын арттыру;
- Таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру;
- Әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру;
- Экономикалық мамандықтары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларына белсенділіктерін арттыру;
- Студенттердің кәсіби шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, ғылыми-инновациялық зерттеулерге тарту; - болашақ ғылыми жұмыс үшін қабілетті, дарынды және талантты жастардың тиімді іріктелуін қамтамасыз ету болып табылады.
ІІ. Міндеті:
- Студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту;
- Студенттердің ғылыми конференцияларға, үздік ғылыми жұмыстар конкурстарына, ғылыми семинарларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
- Студенттердің ғылыми шығармашылыққа, экономика саласындағы ғылыми мәселелерді өз бетінше шешудің әдістері мен әдістеріне қызығушылықтарын қалыптастыру және ғылыми топтарда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- Студенттерге әдіснаманы және жүргізу дағдыларын меңгеруге көмектесу дербес зерттеу.
ІІІ. Ғылыми бағыты: Еңбек нарығын, жастардың жұмыспен қамтылуын және жұмыссыздықты зерттеу; жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша шараларды зерделеу.
IV. 2021 жылға жоспар:
- Зерттелетін тақырып бағытында студенттік басылымдар. баяндамалар, мақалалар дайындау;
- Еңбек нарығын, жастардың жұмыспен қамтылуын және жұмыссыздықты зерттеу;
- Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша шараларды зерделеу
- Өзіндік ғылыми-шығармашылық шешім қабылдауды және тану белсенділігін қалыптастыру;
- Кафедра оқытушыларының доктарантураға (грантты, мақсатты) және магистратураға (грантты, мақсатты) түсулерін жоспарлау
- Кафедра оқытушыларының шетел тілін меңгеру курстарына қатысуына ықпал ету
- Нолдік емес импакт-факторлы дәйектелетін журналдарда кафедраның ПОҚ-ның ғылыми мақалаларын дайындау және жариялауды белсендіру
- Студенттік ғылыми жұмыстар бойынша жарыстарға, конференциялар мен олимпиадаларға студенттерді дайындау
- «G-Global» байланыс аймағында оқытушылар мен студенттердің белсенді қатысуын ұйымдастыру
- «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршы» журналына мақалалар беруді ынталандыру
- Шетелдік және отандық ғалымдарды оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірлескен зерттеулерге тарту бойынша жұмыстарды күшейту
- ПОҚ-ның ғылыми тағылымдамалары және біліктілікті көтеру (онлайн) курстарына қатынасуы
- Экономикалық зерттеулерді жетілдіру бағытындағы диссертациялар, мақалалар талдау, оқулықтарды зерттеу
V. Ғылыми мектеп құрамы:
- Сабирова Ы.К – магистр, аға оқытушы
- Джумаева Айгуль Кабдижановна-магистр, аға оқытушы
- Дінғазиева Мейрамгүл Дузельбайқызы-магистр, аға оқытушы
- Тажиденова Айнур Рамазановна -магистр, аға оқытушы
- Бисембиева Ж. Қ. – магистр, аға оқытушы
- Мугауина Райхан Улжагалиевна-магистр, аға оқытушы
- Мукашева А. Р. – магистр, аға оқытушы
VI. Өткізілетін күні:
Жұма, 15:00
VII. Өткізу форматы:
Онлайн – Zoom платформасы.
Оффлайн – №4 оқу ғимараты, № 107 аудитория