“Жас музыка зерттеушілер” ғылыми мектебі
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
«Музыка және өнер» кафедрасы
Өнертану кандидаты Б.Ж.Тұрмағамбетованың жетекшілігіндегі
«Жас музыка зерттеушілер» атты ғылыми мектебі
І. Мақсаты:«Атырау өлкесінің ХХ ғ. композиторларының әндері; «Табылды Досымовтың музыкалық шығармашылығы мен Хаттар Дүйсемәлиевтің музыкалық мұрасын» зерттеу.
ІІ. Міндеті:студент осыған дейін нотаға түскен әндердің қателіктерін тауып, оның әнші орындаған түпнұсқамен сәйкес келмейтін дыбыстық, ырғақтық тұстарын айқындап, қайта нотаға түсіреді, ән-термелерді нотаға түсіру, түсірілген ноталарды компьютерге теру; әндерін талдау, тарихи фотоларын жинау және сұрыптау. кітапқа дайындау;
ІІІ. Ғылыми бағыты:«Атырау өлкесінің ХХ ғ. композиторларының әндері;
«Табылды Досымовтың музыкалық шығармашылығы» студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
IV. 2021 жылға жоспар:
- Т.Досымов творчествосы бойынша екі мақала жазу (БАҚ, ғылыми конференция);
- Атырау телеарнасына композитор туралы сұхбат беру (наурыз-желтоқсан).
- «Атырау» газетіне ғылыми жетекшінің зерттеу мақаласын жариялау (ақпан-наурыз).
Жоспар бойынша мынадай жұмыстар атқарылады:
- «Бард» сөзінің этимологиясы мен бардық өнер туралы жазылған ғылыми диссертациялар, мақалалар, кітаптарды іздеу, оқу.
- Әндерді тақырыптық-мазмұндық тұрғыдан жіктеп, олардың музыкалық-интонациялық, теориялық тұрғыдан талдау, бардық сипатын айқындау.
- Т.Досымовқа қатысты кітап, аудиотаспа, СД, жинақтар, мүсіндер, бюст, т.б. материалдарды сканерлеп, фотоға түсіріп, слайд жасау;
- Композитор әндерінің шығу хронологиясының таблицасын жасау.
- Т.Досымовтың жұбайы Қарлығаш Досымовамен (Индер) әңгімелесіп ақпарат жинау, сұхбат алу;
- «Т.Досымов қоры» директоры Қалжан Бимағанбетовпен әңгімелесіп, «Баян Өлгий» әні туралы және әнші туралы ақпар алу, сұхбат алу;
- Т.Досымовтыңдосы Мақмуд Қосманбетовпен (Алматы қ.) әңгімелесу, сұхбат алу;
- Әбдіхан Есенғалиевтан Т.Досымовтың әндері туралы ақпарат жинау, сұхбат алу;
- Т.Досымов әндерінің шығу тарихы туралы әнші-композитор Елемес Мағазовтан сұхбат алу;
- Х.Дүйсемәлиевтің тарихи маңызды фотоларын жинау, сұрыптау;
- «Сағыныш», «Оралым», «Ленин айтқан жолменен» ән-термелерін нотаға түсіру, талдау;
- Құрманияз Дүйсемәлиевпен кездесу (ақпан-наурыз);
- Жетекші Атырау облыстық архивінде ізденіс жасады, журналист Ө.Әлімгереевтен, домбырашы ұстаз Т.Нәсіпқалиевтен, әнші Е.Мағазовтан, журналист З.Асабаевтан сұхбат алды. Х.Дүйсемәлиев туралы 2 ғылыми мақала жазады (мұнда есту арқылы әндер-термелер теориялық талдаулар енді).
- Х.Дүйсемәлиевтің шәкірті, әндерін орындаушы Е.Мағазовтан сұхбат, ақпар алу.
V. Ғылыми мектеп құрамы:
- Музыкалық білім мамандығының 3 курс студенттері: Кітапқали Айдын, Нығметов Әбіл, Ғазымова Бибіхан.
VI. Өткізілетін күні:
- Дүйсенбі, сағ. 16.00-16.50 «Табылды Досымовтың музыкалық шығармашылығын зерттеу» бойынша.
- Хаттар Дүйсемәлиевтің музыкалық мұрасын» зерттеу бойынша:
Бейсенбі, 15.00-15.50 (А.Кітапқали);
Жұма, 11.00-11.50 (С.Жұмағұлов);
Жұма, 16.00-16.50 (Б.Ғазымова)
VII. Өткізу форматы:
Онлайн – Zoom платформасы.
Оффлайн – №3 оқу ғимараты, №8 аудитория
30-шілде, 2021 жылы
Музыка және өнер кафедрасының Ғылыми мектеп жобасы бойынша 30-шілде, 2021 жылы Атырау арнасынан Хаттар Дүйсемәлиев туралы орыс тілінде ақпарат берілді