DIGITAL QAZAQSTAN 2026 | Шымкент
2026 жылғы 26–28 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен Digital Qazaqstan 2026 халықаралық форумы еліміздің цифрлық дамуындағы маңызды алаңға айналды. Форум – технология, инновация және жасанды интеллект бағытындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Форумның жаңа форматы Қазақстанның әр өңірін қамтып, білім мен тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді ашуға бағытталған бірегей ұлттық платформа ретінде ерекшеленді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушылары мен білім алушылары аталған форумға қатысып, IT саласындағы соңғы өзгерістермен, жаңа әзірлемелермен және заманауи технологиялық трендтермен танысты.
Форумның негізгі әсері:
Цифрлық сауаттылықты дамыту
Дарынды жастарды қолдау
GovTech және цифрлық мемлекеттік басқаруды дамыту
Стартаптарды құру және инновацияны дамыту
ШОБ және технологиялық бизнесті қолдау
Осындай ауқымды іс-шаралар жастардың дамуына, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, еліміздің цифрлық болашағын нығайтуға үлкен серпін береді.
📷 Дополнительные изображения