Ауқымы кең - ORHUN
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде соңғы жылдары көптеген шетелдік ЖОО-мен тығыз ынтымақтастық байланыс орнату жолға қойылған. Осы шаралар қатарында БОЛАШАҚ халықаралық бағдарламасы, Erasmus+ (Эразмус+) ЕО бағдарламасы, ORHUN, Мевлана халықаралық бағдарламалары орын алуда. ORHUN академиялық алмасу аясында жарияланған конкурстың нәтижесімен университетіміздің Экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Адиетова Эльмира Мизамғалиқызы – Түркия Республикасының Ibn Haldun Университетінде (Ыстанбұл (Стамбул) қаласы) ағымдағы жылдың наурызында шетелдік тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама мақсаты – серіктес ЖОО арасында тәжірибелік алмасуды ұйымдастыру бағытында оқыту мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
Алдын-ала бекітілген тағылымдама кестесіне сәйкес, 2025-2026 оқу жылының екінші жарты жылдығында ORHUN бағдарламасымен тағылымдамадан өтудегі ғалым Адиетова Эльмира Мизамғалиқызы Economics Department, School of Business факультетінде, 2-3 курс білім алушы магистранттары мен докторанттарына – Advanced Microeconomics (ECON 603), Microeconomic Analysis (ECON 503), Advanced Econometrics (ECON 604), Statistics-II (STAT 102), Sustainable Development Concept (ECON 604) академиялық пәндері бойынша 2 апталық дәріс және семинар сабақтарын, сонымен қатар, магистратура, докторантура білм алушыларымен кеңес беру бойынша кездесулер өткізді. Экономика саласының докторлары -бизнес мектебі, қауымдастырылған Professor Dr. Asad Ul Islam Khan, Professor Dr. Hasan Vergil, Professor Dr. Muhittun Kaplan-мен зерттеулер жүргізді. Тағылымдама нәтижесінде арнайы сертификат табысталды.
Өзара тәжірибе алмасу, дәріс және семинар сабақтарын жүргізу әдістемесі екі университеттің оқытушылары мен білім алушылары үшін тиімді болды деп санаймыз.
📷 Дополнительные изображения