Media Image
17.03.2026 3

Атырау университетінің студенттеріне Президенттік шәкіртақы тағайындалды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне Президенттік шәкіртақы тағайындалды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері 2026 жылға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысына ие болды.

Бұл жоғары жетістік университеттің кезектен тыс Ғылыми кеңесінің 2026 жылғы 12 наурыздағы №4 хаттамасы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылғы 4 наурыздағы №112 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.

Осыған орай, күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан төмендегі студенттерге 2026 жылдың 1 қаңтары мен 1 шілдесі аралығында Президенттік шәкіртақы тағайындалды:

🔹 Мұхит Айкүн Мұхитқызы – «Бизнес-процестерінің есебі, аудиті және талдауы» білім беру бағдарламасы, 4 курс

🔹 Арап Арайлым Жұмаханқызы – «Математика пәнінің мұғалімі», 3 курс

🔹 Инаматова Фатима Бауыржановна – «Математика пәнінің мұғалімі», 3 курс

🔹 Боранбай Аяулым Ерболқызы – «Білім беру жүйесіндегі информатика және АКТ», 4 курс

🔹 Коныспаев Аманжан Артурович – «Тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зерттеуші», 4 курс

🔹 Идеятова Құндыз Құлбараққызы – «Шетел тілі: екі шетел тілі», 3 курс

🔹 Хамитова Гүлнұр Әсетқызы – «Химия және биология пәні мұғалімі», 4 курс

Президенттік шәкіртақы – білім мен ғылымда жоғары нәтижелерге қол жеткізген, үлгерімі үздік студенттерге берілетін беделді мемлекеттік қолдау шарасы. Ережеге сәйкес, бұл шәкіртақы күндізгі бөлімде білім алатын, оқу үлгерімі «өте жақсы» (А, А-) деңгейінде болатын студенттер мен магистранттарға тағайындалады.

Университет ұжымы шәкіртақы иегерлерін шын жүректен құттықтайды! Оларға алдағы оқуында, ғылыми ізденістерінде және кәсіби дамуда жаңа жетістіктер тілейміз!