«Язык, технологии и ИИ» тақырыбында интеллектуалдық квиз өтті
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Язык, технологии и ИИ» тақырыбында интеллектуалдық квиз өтті.
Шараның негізгі мақсаты – тіл білімі мен әдебиет саласын заманауи технологиялармен ұштастыра отырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін таныстыру, білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту және пәнаралық байланысты нығайту.
Аталған зияткерлік сайысқа университеттің түрлі факультеттерінен құралған 4 топ қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар білімдерін ортаға салып қана қоймай, командалық үйлесімділік пен шапшаңдықтарын да көрсете білді.
Квиз 6 қызықты әрі мазмұнды турдан тұрды. Әр кезеңде қатысушылар тіл, әдебиет, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект тақырыптары бойынша түрлі форматтағы тапсырмаларды орындады. Ойын барысында командалар жоғары белсенділік танытып, білімдері мен тапқырлықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін дәлелдеді.
Квиз қорытындысы бойынша:
І орын — «Natural IQ» тобы (Экономика және құқық факультеті);
ІІ орын — «Eco&Law Leaders» тобы (Жаратылыстану ғылымдары факультеті);
ІІІ орын — «Гумфак» тобы (Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті).
Ал «Team Tokayev» тобы (Көп тілді білім беру факультеті) белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.