Ректор студенттермен кездесу өткізді
Бүгінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттермен ынтымақтастық орнатып, оларға білім алуда қолайлы жағдай жасап, туындаған мәселелердің шешімін бірге тауып, келеңсіздіктердің алдын-алу үшін ашықтық орнату мақсатында үлкен жұмыстар атқарып келеді.
Осы орайда, 24 қаңтар күні Басқарма төрағасы-ректор Саламат Нұрмұханұлы көптілді білім беру және инновациялық білім беру факультеттерінің студенттерімен кездесу өткізді.
Білім алушылардың басшылыққа өз ұсыныс-пікірлерін еркін жеткізіп, қалыс қалған жағдайларды ашық баяндауға мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған жиында студенттер университеттің кейбір ғимараттарында интернет желісінің нашар ұстауы, асхана мәселесі, корпустарды ауыз су аппаратымен қамтамасыз ету және жатақханалардың ішіне қажет етілетін жөндеу жұмыстары,кітапханада ғылыми еңбектердің жетіспеуі сынды мәселелерді көтеріп, ортаға салды.
Студенттер тарапынан айтылған ұсыныстарға оң көзқарас таныта отырып, сұрақтарға дәйекті жауап беріп, көтерілген мәселелерді өз басшылығына алатынын жеткізген университет ректоры кейбір проблемалардың шешілу мерзімі ұзақ уақытты талап ететінін, тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырма беріп, өзі жіті қадағалайтынын жеткізді.