
Құтықтау!
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында оқу ордасына облыстың бұқаралық ақпарат құралдары саласының жетекшілері арнайы келіп, ұжымға жүрекжарды құттықтауларын жолдады.
«Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Елеусінов Нұрболат Мақсотұлы мен Caspian News телеарнасының басшысы Казбек Кертаев университетті мерейлі белесімен құттықтап, білім ордасының өңірдің ақпараттық кеңістігін дамытуға қосып келе жатқан үлесін ерекше атап өтті.
Қонақтарды университет ректоры жылы қабылдап, оқу орны мен ақпарат саласындағы ірі медиақұрылымдар арасындағы берік ынтымақтастықты атап өтті. Кездесу барысында тараптар өзара серіктестік пен тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды.
Бүгінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен аталған ұжымдар тығыз шығармашылық байланыс орнатып келеді. Университет түлектері бүгінде осы медиахолдингтерде кәсіби журналист ретінде табысты еңбек етіп, өңірдің маңызды мәселелерін бұқараға жеткізуде.
Сонымен қатар, студенттеріміз «Атырау-Ақпарат» және Caspian News редакцияларында өндірістік тәжірибеден өтіп, кәсіби шеберліктерін арттыруға мол мүмкіндік алуда.
Кездесу соңында ректор екі ұжым басшыларына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бірлескен жобалар мен шығармашылық серіктестіктің жалғаса беретініне сенім білдірді.