Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде студенттердің зияткерлік қабілеттерін дамытуға және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған JAZZ QUIZ интеллектуалды сайысы өтті. Іс-шараны «Көшбасшы» интеллектуалды студенттер клубы мен Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті бірлесіп ұйымдастырды.
Сайысқа 100-ден астам студент қатысып, түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін сынға салды. Қатысушылар командалық жұмыс, тапқырлық және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін көрсетіп, ерекше музыкалық атмосферада өзара бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша:
I орын – «Студенттік құрылтай» командасы;
II орын – «Сенатор» дебат клубы;
III орын – «АУНИГ PRIME» командасы.
Сонымен қатар кештің арнайы Dress Code жұлдыздары анықталды. Ерекше стильдерімен көзге түскен Экономика және құқық факультетінің студенттері болды.
Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері, білімге деген ұмтылыстары және сайыстың ерекше атмосферасын қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!