«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы көрнекті ақын, жазушы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылар арасында облыстық әдеби байқау өткізеді.
Байқаудың мақсаты:
– Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа қаламгердің әдеби мұрасын таныстыру;
– Өңіріміздегі дарынды жастардың шығармашылық әлеуетін таныту, оларға қолдау көрсету;
– Кітап оқу мәдениетін насихаттау және әдебиет арқылы адамгершілік, рухани құндылықтарды дәріптеу.
Тақырыптық ұсыныстар:
➢ «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қарапайым еңбек адамының болмысын ашу және еңбек құндылықтарын дәріптеу;
➢ Жас ұрпақты білім мен ғылымға ұмтылуға, ана тілін, ел тарихын қадірлеуге үндеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шығармалар 17 маусымнан 16 тамызға дейін қабылданады!
Байқаудың барлық ережесі төмендегі нұсқаулықта көрсетілген!