Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасы студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдар мен оқытушыларды, сондай-ақ аудармашыларды «INTEGRATING ARTIFICIAL INTELLIGENCE INTO LANGUAGE TEACHING AND TRANSLATION STUDIES: CHALLENGES AND PERSPECTIVES» атты халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты – шетел тілдерін оқытуда, жазбаша және ауызша аудармада жасанды интеллектіні қолданудың заманауи үрдістерін, мәселелері мен перспективаларын, сондай-ақ аударматануды дамытудағы және болашақ мамандарды кәсіби даярлаудағы рөлін талқылау.
Шетел тілдерін оқытуда генеративті жасанды интеллектіні тиімді әрі сапалы пайдалану, машиналық аударма жүйелерін, цифрлық білім беру платформаларын, сондай-ақ кез келген салалық бағыттағы мәтіндерді автоматты түрде талдау және редакциялау құралдарын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 4 желтоқсан, сағат 10:00.
Конференция форматы: аралас – офлайн және онлайн.
Өтетін орны: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Студенттер даңғылы, 1, бас оқу ғимараты.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жоспарланады:
1-секция. Жасанды интеллектіні пайдалана отырып шетел тілдерін оқыту мәселелері.
2-секция. Аударма үдерісіндегі адам мен жасанды интеллектінің өзара әрекеттестігі.
3-секция. Заманауи білім беру жүйесінде кәсіби даярлау барысында жасанды интеллектіні пайдалану.
Қатысуға бакалавриат студенттері, магистранттар, докторанттар, жас зерттеушілер мен оқытушылар, сондай-ақ аудармашылар шақырылады.
Конференцияға қатысуға арналған өтінімдер мен мақалалар 2026 жылғы 25 қарашаға дейін asel.maratova07@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады (тел.: 8 702 305 70 82, 8 701 877 92 96).
Мақалаларды жариялау тегін. Мақалалар белгіленген талаптарға сәйкес рәсімделуі тиіс.
Конференцияға қатысу түрлері:
- секциялық отырыста баяндама жасау (7 минутқа дейін);
- пленарлық отырыста баяндама жасау (7 минутқа дейін).