25 қазан – Республика күніне орай Атырау қаласындағы Ту тұғыр алаңында Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.
Елдік рухты асқақтатып, тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін ұлықтаған салтанатты жиынға Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов, әскери қызметшілер, қала тұрғындары, сондай-ақ Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов бастаған профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Салтанатты жиынға қатысқан университет ұжымы мен білім алушылар ел тарихындағы айтулы күннің маңызын сезініп, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімі мен ортақ елдік рухын паш етті.
Республика күні құтты болсын!
#РеспубликаКүні #25Қазан #КөкБайрақ #АтырауУниверситеті #ТәуелсізҚазақстан