Media resources
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
News

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Терроризмге қарсы қорғалу: нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және қауіп төнген кездегі іс-қимыл» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараға университет оқытушылары, қызметкерлері, құрылымдық бөлім басшылары мен жетекшілері қатысты.

Семинарды Ұлттық біліктілікті арттыру орталығына қарасты «Кемеңгер» оқу ұйымының лекторы Нұргүл Медеубаева жүргізді. Ол қатысушыларға нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету шараларын түсіндіріп, қауіп төнген жағдайда әрекет ету тәртібін таныстырды.

Оқыту барысында университеттегі қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау, ықтимал қауіптің алдын алу және төтенше жағдайда сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдау мәселелеріне назар аударылды. Қатысушылар қауіпсіздік талаптарын сақтау мен қауіп туындаған сәттегі іс-қимыл жөнінде білімдерін толықтырды.

Мұндай оқыту шаралары ұжымның қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылар үшін қауіпсіз орта құруға ықпал етеді.