Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде факультетаралық «RECTOR CUP» жайдарман ойындары өтті.
Әзіл мен тапқырлық, шығармашылық пен сахналық шеберлік тоғысқан сайыста университеттің 6 командасы бақ сынап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Әр команда ерекше дайындықтары мен ұтымды әзілдерін ортаға салып, көрермен ықыласына бөленді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын — Инновациялық білім беру факультеті
II орын — Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
III орын — Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен жарқын өнерлері үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!