Media resources
КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА ЕҢБЕКТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
News

КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА ЕҢБЕКТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде ұйымдастырылған «Кітап сыйла» акциясы аясында университет кітапханасының қоры жаңа еңбектермен толықты.

Акцияға Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің магистрі, сеньор-лекторы Жумагазиев Арман Закарияевич қатысып, кітапханаға ғылыми-танымдық және оқу әдебиеттерін сыйға тартты.

Сыйға берілген кітаптардың қатарында «Бозай ұрпақтары», «Физикалық география», «Карта бетіндегі географиялық топонимдер» және басқа да еңбектер бар.

Аталған әдебиеттер білім алушылардың білімін толықтырып, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға мүмкіндік береді.