Media resources
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: СТУДЕНТТЕР ҚОҚАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚИДЫ
News

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: СТУДЕНТТЕР ҚОҚАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚИДЫ

 

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері Өзбекстан республикасының Қоқан университетінде білім алады. Білім алушылар академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға барған. 

Студенттер 2026–2027 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бір семестр бойы Қоқан университетінде білімін жетілдіреді. Бағдарламаға Инновациялық білім беру факультетінің «Бастауыш білім беру» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері қатысып отыр.

Талапты жастардың оқуына табыс тілейміз!