Әрбір адамның қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес өзінің әлеуетін ашып, толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған парадигма – өмір бойы білім алу тұжырымдамасы. Үздіксіз білім беру – өмір бойы оқуға деген ұмтылыс. Қазіргі еңбек нарығында технологияның қарқынды дамуы мен мамандықтарға қойылатын талаптардың өзгеруі адамдардан үнемі білімін жаңартып отыруды талап етеді. Осыған байланысты reskilling және upskilling ұғымдары кеңінен қолданылуда. Бұл бағыттар мамандардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Өмір бойы кәсіби даярлықты жетілдіруді қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру мен педагогтік қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың тиімді нысандары мен әдістерін іздеу және оны енгізу, өзінің кәсіби деңгейін арттырғысы келетін профессор-оқытушылар құрамына кәсіби білім алу үшін инновациялық технологиялар негізінде ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру және өткізу мақсаттары – Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің еншісінде.
Әрбір адамның қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес өзінің әлеуетін ашып, толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған парадигма – өмір бойы білім алу тұжырымдамасы. Үздіксіз білім беру – өмір бойы оқуға деген ұмтылыс.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде педагогикалық білімі жоқ, алайда тиісті бейін бойынша кәсіптік білімі бар және педагог қызметін алғаш рет таңдаған азаматтарға арналған «Педагогтік қайта даярлау курстары» 2020-21 оқу жылынан бастап ұйымдастырылып келеді.. Курс барысында тыңдаушылар 2 семестрлік оқуды аяқтап, мектептерден педагогикалық тәжірибеден өтеді. Оқу жылының соңында алған білімдері мен педагогикалық тәжірибе барысында меңгерген кәсіби дағдыларын көрсету мақсатында қорытынды аттестация емтихандарын тапсырады. Емтиханды сәтті тапсырған қатысушылардың білімі мен құзыреттілігі расталып, тиісті сертификат табысталады. Педагогтік қайта даярлау курстары 2022-2023 және 2023-2024 оқу жылындарында жоспарлы түрде 45 кредит көлемінде ұйымдастырылып, өткізілді. 2024-2025 оқу жылынан бастап педагогтік қайта даярлау курстары жаңа IP бағдарламалары бойынша 63 кредит ұйымдастырылып келеді. 2025-2026 оқу жылында 82 тыңдаушы оқып, қорытынды аттестациясын тапсырып, маусым айында сертификатталады. Reskilling, яғни жаңа мамандықты меңгеріп шығады.
Upskilling бағыты бойынша Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде заманауи білім беру талаптарына сай педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған «IT және AI-ды оқу үдерісінде қолдану» тақырыбындағы 72 сағаттық, «Бұлттық есептеулер, IoT және робот техникасының интеграциясы» атты 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамына арналған «IT және AI оқу үдерісінде қолдану» тақырыбындағы 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсының оқу жылының басынан бері 4 кезеңі ұйымдастырылып, 100-ден астам оқытушылар біліктіліктерін арттырды. Курстың мақсаты – педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық құзыреттілігін арттырып, білім беру үдерісіне заманауи IT құралдары мен жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдануды үйретеді. Педагогтарға арналған курс бағдарламасының авторы ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ғ.А.Салтанова. Курсты жүргізген «Информатика» кафедрасының сеньор-лекторлары Гайсина Э.Г. және Кумаргалиева А.И.
Курс барысында тыңдаушылар: Canva, Quizizz, Wordwall, LearningApps, Genially, Padlet, Google Jamboard, Miro, Stepik сынды танымал платформалармен жұмыс істеуді; электрондық портфолио құруды; интерактивті тапсырмалар мен кері байланыс құралдарын жасауды; бейнесабақтар әзірлеуді үйренді.
Бұдан бөлек Атырау облысының мұғалімдеріне «Бұлттық есептеулер, IoT және робот техникасының интеграциясы» атты 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесімен келісіліп, Атырау университетінің Ғылыми Кеңесімен мақұлданған курс мазмұны информатика және STEM бағытына қызығушылығы бар жаратылыстану пәні мұғалімдеріне кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, заманауи технологиялық жетістіктерді оқу үрдісімен сабақтастыру, педагогтарды оқушылармен бірлестікте инженерлік және STEM бағытында ғылыми-шығармашылық жобалар әзірлеуге бағыттау мақсатында ұйымдастырылған. Курс мазмұны «Arduinо кешені арқылы робототехника жобаларын әзірлеу», «IoT технологиясының негіздері. Робот техникасы және IoT байланысы», «Бұлттық есептеулерге кіріспе», «Бұлттық есептеулер және IoT технологиясының интеграциясы. Arduino IoT Cloud ортасында бағдарламалау» модульдерін қамтиды. Курс ұйымдастырушылары мен тренерлері «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған процессоры, PhD Мухамбетова Мейрамгүл Жароллақызы және «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының сеньор-лекторы, магистр Байтемирова Нұргүл Бауыржанқызы. Курс барысында офлайн практикалық сабақтармен бірге ұйымдастырушылардың «Жас ғалым» жобасы аясында әзірлеген цифрлық порталы әдістемелік қолдау ретінде қызмет етті. Курс соңында мұғалімдер оқушылармен бірлескен ғылыми жоба моделі, факультативтік сабақ жоспары тәрізді алған білімдерін оқу үрдісіне ендіру жобаларын ұсынды.
2025 жылдың 17-19 желтоқсан аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарындағы ISO 37001 халықаралық стандарттарды тәжірбиеде пайдалану» тақырыбындағы Атырау облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлеріне арналған 36 сағаттық қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылған болатын. Курс мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ISO 37001 халықаралық стандартының құрылымы мен оны тәжірибеде қолдану жолдарын меңгерту, сондай-ақ ішкі зерттеулер жүргізу мен шарттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау дағдыларын жетілдіру. Оқу барысында қатысушылар: ISO 37001 халықаралық стандартының негізгі қағидаларымен; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару тетіктерімен; ұйымішілік бақылау және алдын алу шараларымен; ішкі зерттеу тактикасы мен практикалық тәсілдерімен танысты. Курс тренері – з.ғ.к., құқық доценті, қауымдастырылған профессор Шаяхметова Жанна Бекполқызы. Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, олардың кәсіби біліктілігі расталды.
2026 жылдың 7–23 сәуір аралығында «Сольфеджио және музыка теориясын оқытудағы кәсіби құзыреттілікті дамыту» тақырыбында орындаушы мамандарға арналған 80 сағаттық кәсіби біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курс мақсаты – орындаушы мамандардың музыкалық-теориялық білімін жетілдіру, сольфеджио мен музыка теориясын оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгерту және педагогикалық кәсіби құзыреттілігін дамыту. Курс авторы және тренері – «Музыка және өнер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., өнертану ғылымдарының кандидаты Тұрмағамбетова Бақыт Жолдыбайқызы. Курсқа Батыс Қазақстан облысының балалар музыка мектептері, өнер және көркемөнер мектептерінің педагогтері мен орындаушы мамандарынан 20 тыңдаушы қатысты. Оқу барысында қатысушылар: сольфеджио пәнінің негізгі бағыттарын; музыка теориясының маңызды тақырыптарын; музыкалық есту қабілетін дамыту әдістерін; интонациялық жаттығулар мен музыкалық диктант жүргізу тәсілдерін; заманауи оқыту технологиялары мен инновациялық әдістерді тәжірибеде қолдану жолдарын меңгерді. Курс соңында қатысушылар шығармашылық жобаларын қорғап, кәсіби біліктілігін арттыру курсын сәтті аяқтағаны үшін арнайы сертификаттармен сертификатталды.
Қазіргі қоғамда өмір бойы білім алу тұжырымдамасы адамның кәсіби және тұлғалық дамуының маңызды тетігіне айналып отыр. Технологиялардың қарқынды дамуы мен еңбек нарығындағы өзгерістер мамандардан жаңа білім мен дағдыларды үздіксіз меңгеруді талап етеді. Осы орайда reskilling және upskilling бағыттары кәсіби бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тиімді жолы ретінде маңызға ие.
Аталған курстар білім беру сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға және өңірдегі білім саласының инновациялық дамуына маңызды үлес қосып келеді.
Upskilling – адамның өз мамандығы бойынша білімін тереңдетіп, кәсіби дағдыларын жетілдіруі.