Media resources
ЖАС МАМАН – 2026: Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
News

ЖАС МАМАН – 2026: Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараның басты мақсаты – жас мамандардың еңбек нарығына бейімделуіне қолдау көрсетіп, олардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау.

Биыл университетті 2323 түлек тәмамдайды. Оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» даярлау бағыты бойынша 1246 студент білім алып шықпақ. Ауқымды шараға 1500-ге жуық бітіруші түлек қатысып, түрлі мекемелердің ұсыныстарымен танысты.

Жәрмеңкеге 120-дан астам кәсіпорын, облыстық білім басқармасының әдістемелік орталығы, аудандық білім беру ұйымдарының басшылары мен қала мектептерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында студенттер жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, бос жұмыс орындары, тәжірибеден өту және болашақ мансап мүмкіндіктері жөнінде ақпарат алды.

Университет ұйымдастырған жәрмеңке жас түлектер үшін кәсіби бағыт-бағдар беретін маңызды алаңға айналып, еңбек нарығы мен білім беру арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.