Media resources
«Кедергісіз білім» облыстық ашық есік күні өтті
News

«Кедергісіз білім» облыстық ашық есік күні өтті

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Кедергісіз білім» атты облыстық ашық есік күні өтті.
Шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған инклюзивті білім беру бағытындағы тәжірибе алмасу, педагогтер мен мамандардың кәсіби байланысын нығайту және заманауи әдіс-тәсілдерді таныстыру. 

Ашық есік күніне Атырау қаласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері, арнайы мамандар мен кәсіби бағдар берушілер қатысып, инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Іс-шарада Атырау университетінің Әлеметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Ләйлә Қойшығұлова және Инновациялық білім беру факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор Ақмарал Мұханбетжанова сөз сөйлеп, инклюзивті білім берудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар университеттің психология және педагогика кафедрасының арнайы педагог маманы, аға оқытушы Жанар Бекжанова және Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының “Инклюзивті және арнайы білім” бөлімінің әдіскері Ардақ Урымбаева баяндама жасап, ерекше білім алушылармен жұмыс тәжірибесін таныстырды.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының «Инклюзивті және арнайы білім» бөлімінің басшысы Гульжанар Кубиева инклюзивті білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен заманауи бағыттар туралы баяндама оқыды.

Бағдарлама аясында университет қабырғасында дәстүрлі түрде өтетін «Бос орындар жәрмеңкесі – 2026» туралы ақпарат беріліп, қатысушылар арасында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.

Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, инклюзивті білім беруді дамыту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.