Media resources
NCOC компаниясымен қонақ дәріс өткізілді
News

NCOC компаниясымен қонақ дәріс өткізілді

2026 жылдың 5 маусымда Білім мен тәжірибені ұштастырып, болашақ мамандардың кәсіби дамуына үлес қосып жүрген NCOC компаниясымен қонақ дәріс өткізілді. Қонақ дәріс барысында студенттеріміз үшін аса маңызды әрі өзекті тақырыптар қамтылды. Атап айтқанда:
🔹 Нұрлан Гинаятов — жергілікті мемлекеттік органдармен және халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі координатор
Тақырыбы: NCOC компаниясындағы студенттік практика мүмкіндіктері
🔹 Марал Кадеева — эколог-инженер
Тақырыбы: Компанияда жүргізілетін экологиялық зерттеулер
🔹 Асет Нурсеитов — төтенше жағдайларды жою және мұнай төгінділеріне әрекет етуге дайындық жөніндегі топ басшысы
Тақырыбы: Төтенше жағдайлардың алдын алу және мұнай төгінділеріне жедел әрекет ету
🔹 Анара Мурзагалиева — ОЗТОСиБ талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі кеңесші
Тақырыбы: Жоғары қауіпті аймақтарда жұмыс істеу ерекшеліктері
Сонымен қатар, іс-шараға:
🔸 Еркетанова Гульнар — жергілікті мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі топ басшысы
🔸 Амиров Асылбек — осы бағыттағы кеңесші
🔸 Мутышева Гүлсім Қажманқызы — NCOC компаниясының ардагері
қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Атап айтқанда, NCOC компаниясындағы студенттік практика мүмкіндіктері, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы экологиялық зерттеулер, төтенше жағдайлардың алдын алу және мұнай төгінділеріне әрекет етуге дайындық секілді өзекті тақырыптар — қазіргі заман мамандары үшін өте құнды білім көзі.
Кездесу барысында өндірістегі қауіпсіздік, кәсіби мәдениет, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және қоғаммен тиімді байланыс орнату тәжірибесі туралы құнды ақпараттар ұсынылды.
Осындай мазмұнды дәрістер студенттеріміздің кәсіби көзқарасын кеңейтіп, болашаққа сенімді қадам жасауына үлкен серпін береді.
NCOC компаниясының барлық өкілдеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!