Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде ұйымдастырылған «Кітап сыйла» акциясы аясында «Физика, математика және ақпараттық технологиялар» факультетінің «Физика және техникалық пәндер» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бакытгуль Абыканова игі іске өз үлесін қосты.
Ғалым университет кітапханасына өзінің авторлығымен жазылған «Радиоэлектроника пәнінен зертханалық практикум», «Бағдарламаны әзірлеудің құрал-жабдықтары» және т.б оқу құралдарын сыйға тартты.
Аталған еңбектер студенттердің білімін тереңдетіп, оқу үдерісінің сапасын арттыруға септігін тигізеді
Мұндай игі бастамалар білім мен ғылымның дамуына, сондай-ақ жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.