Ғылыми семинар өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 2026 жылдың 15 сәуірінде «Орта және жоғары мектептердегі, ғылымдағы және цифрландырудағы математика-компьютерлік ғылымдар» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Аталған шараға физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері белсене қатысты.
Семинардың құрметті қонағы – ф.-м.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Теориялық математика және ғылыми есептеулер институтының директоры Темірғалиев Нұрлан Темірғалиұлы болды.
Кездесу барысында қазіргі заманғы математиканың өзекті мәселелері, цифрландыру дәуіріндегі ғылымның рөлі және білім беру жүйесіндегі маңызды бағыттар талқыланды.
📷 Дополнительные изображения