Media Image
14.11.2025 49

"Макроэкономика" пәнінен қонақ дәрісі өтті

2025 жылдың 14 қарашасында экономика және құқық факультетінің 2 курс студенттеріне "Макроэкономика" пәнінен қонақ дәрісі өтті. Дәрісті "Кәсіпкерлікі мемлекеттік қолдау шаралары" тақырыбында Атырау облысы өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Жумаситов Нұрдаулет Берікұлы жүргізді. Дәріс барысында өңірдегі шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы баяндалды. Сонымен қатар кәсіп бастаймын деген жандарға мемлекеттен көрсетіліп жатырған қолдау шаралары туралы айтылды. Дәрістің қорытынды бөлімінде алдағы уақытта кәсіпкер болуды жоспарлайтын бірқатар студенттер сауалдарын жолдап, пікір алмасты. 

📷 Дополнительные изображения