Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Research to Publication: Scopus және Web of Science журналдарында мақала жариялау стратегиялары» атты біліктілікті арттыру курсы басталды.
Профессор-оқытушылар құрамына арналған бұл курс өткен оқу жылында да ұйымдастырылған. Оның мақсаты — оқытушылардың ғылыми мақала дайындау және халықаралық журналдарда жариялау дағдыларын жетілдіру.
Сабақтарда ғылыми мақаланың құрылымы мен мазмұнын әзірлеу жолдары түсіндіріледі. Қатысушылар халықаралық журналдардың талаптарымен және мақала жариялау кезеңдерімен танысады. Scopus және Web of Science дерекқорларына енетін журналдарды таңдау, ғылыми жұмыстың сапасын арттыру мәселелері де қарастырылады.
Курсты Психология және педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Әйгерім Рақымғалиқызы Баянбаева жүргізеді.
Сабақтар әр жұмада сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін университеттің ғылыми кітапханасының залында өтеді.