Media resources
«КІТАП СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ!
Announcement

«КІТАП СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ!

Құрметті профессор-оқытушылар, қызметкерлер және жас ғалымдар!

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Кітап сыйла» акциясы басталды.

 Акцияның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітап алмасу мәдениетін қалыптастыру және университет қауымдастығын білім мен руханиятқа бастайтын ортақ бастамаға жұмылдыру.

 Акция 5 қазан – 5 қараша аралығында өтеді.

Сіз де өзіңіз оқып болған немесе өзгелерге оқуға ұсынғыңыз келетін кітабыңызды сыйлап, кітапсүйер қауымға өз үлесіңізді қосыңыз!