Media resources
АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ HACKALEM AI ХАКАТОНЫНДА
News

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ HACKALEM AI ХАКАТОНЫНДА

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің білім алушылары халықаралық хакатонда. Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері мен магистранттары жасанды интеллект саласындағы ауқымды халықаралық “HackAlem AI” хакатонына қатысуда.

«HackAlem AI» халықаралық хакатоны талантты бағдарлама әзірлеушілерді, data-аналитиктерді және зерттеушілерді бір алаңға біріктірді. Бұл — серпінді цифрлық шешімдер әзірлеуге және заманауи IT-технологиялар саласындағы озық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік беретін бірегей алаң.

Осындай жоғары деңгейдегі додаға қатысу — студенттеріміздің цифрлық құзыреттерін дамытудағы маңызды қадам.  Сонымен қатар бұл университетімізде жасанды интеллект саласы мамандарының сапалы даярланып жатқанының айқын дәлелі.

Қатысушы студенттерге тиімді алгоритмдік шешімдер, үйлесімді командалық жұмыс және жарқын жеңіс тілейміз!