Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті ғылыми кітапханасының қоры жаңа еңбектермен толықты. Кітаптар кафедралардың сұранысы негізінде 130-ға жуық оқулықтар мен оқу құралдарын сатып алған.
Жаңа әдебиеттер білім алушылардың кәсіби білімін тереңдетуге, өздігінен ізденуіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік береді. Оқу құралдары оқу үдерісін толықтырып, қажетті ақпаратты тиімді меңгеруге жол ашпақ.
Құрметті оқытушылар мен студенттер! Жаңа түскен әдебиеттерді пайдаланып, білім мен ізденіс жолында тиімді қолдануға шақырамыз.