ЖАС ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ІСКЕРЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Заманауи жоғары білім беру жүйесінде оқытушының кәсіби құзыреттілігі мен академиялық адалдыққа берілгендігі сапалы білім берудің іргетасын құрайды. Осы орайда, университетте жас оқытушыларына кәсіби дамуына және академиялық құндылықтарды тереңірек түсінуіне бағытталған арнайы семинар өткізілді.
Іс-шара барысында мынадай өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды:
🔹 «Оқыту және бағалау процесінде академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында білім алушылар мен оқытушылар арасындағы адал қарым-қатынасты орнату, плагиат пен алаяқтықтың алдын алу тетіктері, әділ бағалау жүйесін қалыптастырудың заманауи тәсілдері жөнінде Ч. Мұхамбетқалиев — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы тереңнен таныстырып, өз ой-пікірімен бөлісті.
🔹 «Дидактикалық шеберлік пен кәсіби даму жолындағы жас оқытушының құзыреттілігі» тақырыбында жас педагогтардың әдістемелік дайындығын жетілдіру жолдары, инновациялық оқыту технологияларын меңгерудің қажеттілігі және үздіксіз кәсіби өсу траекториясын құрудың тиімді жолдары туралы Ж. Кайшыгулова — Сапа мониторингі кеңсесінің жетекшісі мен Г. Нұрсұлтанова — Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің жетекшісі құнды ақпарат ұсынып, тәжірибелерін ортаға салды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап алды. Аталған іс-шара — университеттің жас оқытушылар әлеуетін дамытуға, білім беру процесінің ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың құрамдас бөлігі болып табылады.
#ЖасОқытушы #АкадемиялықАдалдық #КәсібиДаму #БілімСапасы #Университет #ДидактикалықШеберлік