БЕЙІМДЕУ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ ӨТУДЕ
Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде бірінші курс студенттеріне арналған Бейімдеу апталығының екінші күні өтуде. Апталықтың басты мақсаты – жаңа ортаға бейімделіп, университет өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасау.
Екінші күн студенттер үшін психологиялық тренингпен басталды. Университеттің психолог мамандары және Психология және педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы бірінші курс студенттеріне «Танысайық» тақырыбында қызықты әрі танымдық тренинг ұйымдастырды.
Тренинг барысында студенттер бір-бірімен жақынырақ танысып, еркін қарым-қатынас орнатуға, топта жұмыс істеуге және жаңа ортада өздерін жайлы сезінуге бағытталған түрлі психологиялық ойындар мен жаттығуларға қатысты. Сонымен қатар, мамандар студенттік кезеңдегі психологиялық бейімделудің маңыздылығына тоқталып, жастарға пайдалы кеңестер берді.
Күн тәртібіндегі келесі шара – студенттердің ағылшын тіліндегі білім деңгейін анықтауға арналған «My English Level» интерактивті тестілеуі болды. Бірінші курс студенттері өз білімдерін сынап, ағылшын тілін меңгеру деңгейлерін анықтауға мүмкіндік алды.
Бейімдеу апталығы аясындағы мұндай іс-шаралар студенттердің жаңа ортаға тез бейімделуіне, өз қабілеттерін танытуына және университеттің білім беру кеңістігіне белсенді араласуына ықпал етеді.
Алда студенттерді жаңа таныстықтар, пайдалы ақпараттар мен қызықты іс-шаралар күтіп тұр! 💙