Медиа ресурсы
Цифрлық технологиялар жағдайындағы құқықтық жүйені дамыту және құқық қолдану тәжірибесі
Новости

Цифрлық технологиялар жағдайындағы құқықтық жүйені дамыту және құқық қолдану тәжірибесі

IV.ІІ Цифрлық технологиялар жағдайындағы құқықтық жүйені дамыту және құқық қолдану тәжірибесі


08.04.2026 ж. сағат 14:00-де өткен (офлайн/онлайн) секция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды ғылыми пікірталас алаңына айналды.


Секция жұмысына студенттер, магистранттар және оқытушылар белсенді қатысып, құқық саласының өзекті мәселелері бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.


Талқыланған негізгі бағыттар:
• цифрлық технологиялардың құқықтық жүйеге әсері
• құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру
• қылмыстық және азаматтық процестегі заманауи үрдістер
• құқық қорғау қызметін дамыту
• цифрлық ортадағы құқықтық реттеу мәселелері


Қатысушылар ғылыми жетекшілерінің жетекшілігімен өз зерттеулерін ұсынып, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарын ортаға салды.


Жүлделі орын алған қатысушылар:

🥇 1 орын:
• Жанатова Бибігүл Жанатқызы- Құқықтану ББ 1 курс студенті. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, қауымдастырылған профессор Оракбаев А. Б.

• Какимова Аружан Сансызбаевна-Құқық қорғау қызметі ББ 2 курс студенті. Ғылыми жетекшісі – з.ғ.м., сеньор-лектор Тажгарина Б. Қ.


🥈 2 орын:
• Сейлханов Еламан Каримович- Құқықтану ББ 3 курс студенті. Ғылыми жетекшісі – м.ю.н., сеньор-лектор Тажигалиева М.Ж.

• Маулен Сандуғаш Мауленқызы - Құқықтану ББ 4 курс студенті. Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нысанова С. К.


🥉 3 орын:
• Темирханов Жәңгір Мусағалиұлы- құқықтану ББ 1 курс магистранты. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, қауымдастырылған профессор Кулбаева М.М.

• Сабидуллина Айзада Зайдоллаевна- Құқық қорғау қызметі ББ 3 курс студенті. Ғылыми жетекшісі – з.ғ.м., сеньор-лектор Тажгарина Б. Қ.


Онлайн форматта қатысқандар:  Қырғыз-Өзбек университеті Б. Сыдыков атындағы, STEM инновациялық колледжі, Қырғызстан, Ош қ. оқытушылары


Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ғылыми жетекшілердің кәсіби қолдауы мен қатысушылардың белсенділігі секция жұмысының жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.