Media Image
07.04.2026 4

“Таза Қазақстан - болашақ кепілі” тақырыбында экологиялық дәріс өтті

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Таза Қазақстан – болашақ кепілі» тақырыбында экологиялық ғылыми-практикалық дәріс өткізілді.

Ғылыми-практикалық дәріс Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты аумағында биоалуантүрлілікті сақтау және өрт қауіпсіздігі мәселелеріне арналды.

Іс-шараға Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты РММ мамандары қатысты:
– Ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Махметова Назерке Талғатқызы;
– Ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері, териолог маманы Ажигалиева Жанерке Бауыржановна;
– Табиғи кешендерді қорғау, өсімін молайту және табиғат пайдалану бөлімінің күзет инженері Бейімбетова Гүлмаржан Бейімбетқызы.

Ғылыми-практикалық дәріске Қолданбалы экология, Экоаналитика және Қалдықтарды басқару білім беру бағдарламаларының 1–2 курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында студенттер табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды ақпараттар алып, өзара пікір алмасты.

 

📷 Дополнительные изображения