
12 апреля 2025
Атырау университетінің ұстаздары Манас қырғыз-түрік университетінде тәжірибе алмасты
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушылары Рафаэль Хабиров, Айман Қалдыбаева 2025 жылдың 01.04-14.04 аралығында ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Манас қырғыз-түрік университетіне барып, тәжірибе алмасты.
Ұтқырлық бағдарламасының мақсаты - халықаралық байланыстарды тереңдету және өзара тәжірибе алмасу.
Қырғызстандық университеттің спорт ілімі факультетіне қарасты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және тренер - жаттықтырушы мамандығы бойынша оқыту шараларында олимпиадалық ойындар, білім беру жүйесіндегі бағалаудың маңыздылығы мәселелері терең қозғалып, мазмұнды дәрістер мен семинарлар өткізілді. Семинар барысында Атырау университетінің ұстаздары Қазақстандағы спорттың соңғы жетістіктерімен бөлісті.Манас қырғыз-түрік университеті спорт ілімі факультетінің деканы және кафедра меңгерушілері, п
едагог бағытында профессор Джипаркуль Абдырахманова, тренер бағытында профессор Билал Демирханның қолдауымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, кафедра мүшелерімен ғылыми байланыс орнату, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін дамыту мәселелері талқыланды.