Media Image

11 апреля 2025

Ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ғылым декадасы аясында «Қазіргі биологиялық білім беру мәселелері мен оның болашағы» тақырыбында ғылыми–әдістемелік семинар өтті.
Жиынға Атырау облысы білім беру саласының мамандары, университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Биология және балық шаруашылығы кафедрасының ұйымдастыруымен өткен семинар барысында биология пәнінің білім беру жүйесіндегі маңыздылығы, оқу бағдарламаларын жаңарту қажеттілігі, тәжірибелік сабақтардың жеткіліксіздігі, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен цифрлық ресурстардың тапшылығы сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Семинарға «Өрлеу» БАҰО АҚ Атырау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Гүлмира Тажиева мен Атырау облысы білім беру басқармасының таланттарды анықтау және қолдау орталығы бөлімінің басшысы Шолпан Хамзина қатысып, мазмұнды баяндамаларымен бөлісті. Баяндамашылар еліміздегі биология пәнінің оқытылу барысындағы заманауи қиындықтар мен білім беру жүйесін жетілдіру жолдарын, ғылыми жобаларды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту тетіктерін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.
Шара соңында қатысушылар ашық пікір алмасып, тақырып төңірегінде көпшілікті қызықтырған сұрақтар талқыланды.