Media Image

3 марта 2025

Педагогикалық қайта даярлау курстары: теория мен практика

Педагогикалық қайта даярлау курстары - педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдарға арналған курстар.

2024-2025 оқу жылы - педагогикалық қайта даярлау курсының тыңдаушылары үшін маңызды кезең.  Себебі, тыңдаушылар мектепте осы уақытқа дейін алған теориялық білімдерін көрсету арқылы педагогикалық тәжірибеден өтуде.

Тәжірибе  барысында тыңдаушылар оқу-тәрбие жұмыстарына белсенді қатысып, сабақ беру әдістерін жетік меңгеріп келеді. Сонымен қатар тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен оқу жоспарын әзірлеп, сабақ құрылымын жасау және оқушылармен өзара қарым-қатынас орнату дағдыларын жетілдіруде.

Педагогикалық тәжірибе тыңдаушылардың мектеп қабырғасында білім берудің жаңа технологияларын игеріп, заманауи педагогикалық әдістерді қолдана отырып,оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған. Тәжірибе барысында болашақ ұстаздарға кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында әдістемелік қолдау көрсетіліп, тәжірибелі педагогтар тарапынан кері байланыс беріліп отырады.

Бұл тәжірибе болашақ мұғалімдер үшін өз мамандықтарын терең түсініп, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға және кәсіби құзыреттіліктерін шыңдауға, білім беру саласындағы бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуларына мүмкіндік береді. Педагогикалық тәжірибе аяқталғаннан кейін тыңдаушылар атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жинақтаған тәжірибелерімен бөліседі