2021-2022 оқу жылы

13.06.2025 4514

17.09.2021

Республикалық XXII «Абай оқулары» байқауының  жеңімпаздарын марапаттау салтанаты

Атырау қаласы «Абай орталығында» облыстық «Таланттарды анықтау мен қолдау» орталығының ұйымдастыруымен республикалық XXII Абай оқуларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша І ОРЫН  алған «Ұстаз» мектебінің оқушысы Елеусінов Бекзатқа ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың I Дәрежелі дипломы мен Алтын медалі табыс етілді.

Жетістігі үшін өзі оқыған Исатай орта мектебінің ұстазы- Ғұмарова Ағзия Зұлхарнайқызына алғысымызды білдіреміз.

  

30.09.2021

Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының 11-сынып оқушылар арасында Жаратылыстану-математика пәндер бойынша  Республикалық Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңіне қатысқан дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп -интернатының 11  сынып оқушысы Кереев Алихан Алғыс хатпен марапатталды.

15.10.2021

«Тәуелсіздік тау етер-жалғыз кием!» байқауы

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқарамасының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тау етер-жалғыз кием!» атты  «Эссе жазу» байқауына 11- сынып оқушысы Елеусінов Бекзат қатысып,  жүлделі  І ОРЫН  дипломмен марапатталды!

 

 

26.10.2021

Облыстық «Махамбет оқулары» байқауы

Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» базасында, жалынды ақын, дулығалы батыр, дауылпаз күйші, жырау Махамбет Өтемісұлының рухани мұрасын, шығармалары мен туындыларын насихаттау, батырлығын дәріптеу мақсатында «Махамбет оқулары»  байқауының облыстық кезеңі өтті. Нәтижесінде:

 “Ұстаз” мектеп - интернатының 11 - сынып шәкірті Елеусинов Бекзат қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.

“Ұстаз” мектеп - интернатының 11 - сынып шәкірті Шоханов Ғалымжан           Алғыс хатпен марапатталды.

Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!

18.12.2021

XVII Халықаралық өнер байқауы

«Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер» деген дана халық. Екеуін ұштастырған адам биікке қарайды, бәйгеде оза шабады. Талабың таудай болса шығар шың көп, бағындырар белес талай. Сол шыңдарға бір баспалдақ бола алатын «ALASH STAR» XVII Халықаралық өнер байқауы. Көп дарынның өнерінен хабардар болып, өзі де ортада топ жарған, қызығы мен қиындығы қатар жүретін өнер байқауында «Арнау» номинацисы бойынша өнер көрсетіп, ерекше дарынымен алға суырылып шыққан 11 сынып оқушысы Елеусинов Бекзат Қанатұлы БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.

«Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын» - деген халық даналығы. Алтынға теңелген бұл өнер – құдіретті күш, адамның жан серігі рухани байлығы. Қазақтың төл өнері өзінің төл тума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен, шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымының өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту мақсатында «Алаш өнер орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық «ALASH OQULARY» байқауына қатысып, асқан дарынымен көзге түскен оқушымыз Кереев Алихан Мэлсұлы БАС ЖҮЛДЕГЕ  ие болды.

Бас жүлдеге ие болған екі оқушымыз Нұрсұлтан қаласында өтетін Offline Халықаралық өнер байқауына 50% жеңілдік жолдамасы сертификатына ие болды.

Өз жұмысын жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздың жөні де, жолы да бөлек. Егілген дәннің жемісін көру әр ұстаз үшін үлкен мәртебе. Сондай жетістіктердің бірін XVII Халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауында көре алған, шәкірттерінің үздік екеніне сенім танытып, бар күш жігерін осы жолда сарп еткен жас маманымыз Кенжебайұлы Ернар «Құрмет грамотасына» ие болды.

 

     

10.02.2022

«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай                              «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына Ұстаз мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

  • ІІ Дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:

Кереев Әлихан, Мендыгалиев Бек, Елеусинов Бекзат, Сайынұлы Саят, Кетеш Жанарыс, Қарасаев Дархан, Тұмақбай Нұрпейіс.

  • ІІІ Дәрежелі дипломмен  марапатталған оқушылар:

Базарғалиев Бекбол, Салауатов Нұриман, Есенжан Мақжан, Жомарт Диас, Реймбаев Қанатбек.

Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!

     

28.03.2022

«Халел GRAND CUP» пікірсайыс турнирі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Атырау облысындағы Жалпы білім беру мекемелерінің 11 сынып оқушылары арасында 26-27 наурыз аралығында облыстық «Халел GRAND CUP» пікірсайыс турниріне "Ұстаз" мектебінің 11 сынып оқушылары Кереев Әлихан мен Аманжан қатысып,  ІІІ орынды иеленiп, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жылдық оқу ақысына 30% жеңілдік алды.

Шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

  

 

30.03.2022

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне "Ұстаз" мектеп-интернатының  10-11 сынып оқушыларынан 22 шәкіртіміз  бақ сынады. Оның 11-i жаратылыстану - математикалық бағыттағы, 11-i қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндерге қатысқан.Білім бәсекесінiң нәтижесінде:

-Физика пәні бойынша  11  сынып оқушылары, Сайынұлы Саят II дәрежелі, Қуаныш Бексұлтан III дәрежелі дипломмен марапатталды!

-Биология пәні бойынша  10 сынып оқушысы Дузелбаев Расулбек III дәрежелі дипломмен марапатталды!

-География пәні бойынша 11 сынып оқушысы Нұрлығайнов Думан III дәрежелі дипломмен марапатталды!

 -Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша   11 сынып оқушысы Елеусінов Бекзат III дәрежелі дипломмен марапатталды!

-Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша  11 сынып оқушылары  Жомарт Диас II дәрежелі, Айыпов Нұрболат III дәрежелі дипломмен марапатталды!

-Ағылшын тілі пәні бойынша   11 сынып оқушысы Беркiнбаев Наурызбек III дәрежелі дипломмен марапатталды!

-Қазақстан тарихы пәні бойынша 10 сынып оқушысы Егiзбай Әлішер II дәрежелі дипломмен марапатталды!

-Құқық негіздері пәні бойынша 11 сынып оқушысы Нұрлығайнов Дастан III дәрежелі дипломмен марапатталды!

Бұл ұстаздардың талмас еңбегі.Жалпы пәндік олимпиаданың республикалық кезеңiне мектебімізден 4 оқушы жолдама алып отыр. Облыс намысын қорғайтын жас өрендерге сәттілік.

 

24.04.2022

Облыстық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында өткізілген республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының  облыстық кезеңінде “Көкірегімде жыр сәулесі мазлайды” бағыты бойынша мектебіміздің мақтанышы 11 сынып оқушысы Елеусінов Бекзат III орынды иеленді. Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!