Пуатье университеті (Франция)

17.12.2025

Ынтымақтастықтың басталу жылы: 2014

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 2014 жылдан бастап Пуатье университетімен (Poitiers University) ынтымақтастық орнатқан. Серіктестік тұрақты сипатқа ие және білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын жүйелі түрде қамтиды.

Erasmus+ халықаралық стипендиялық бағдарламасы аясында университетіміздің білім алушылары жыл сайын Пуатье университетінде бір семестрлік оқудан өтеді:

  • қыркүйек–желтоқсан аралығында,

  • қаңтар–мамыр аралығында.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушыларға заманауи пәндерді меңгеруге, академиялық көкжиегін кеңейтуге және еуропалық академиялық ортада халықаралық білім беру тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Пуатье университеті (Poitiers University)https://www.univ-poitiers.fr
Erasmus+https://erasmus-plus.ec.europa.eu

file